Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Қазақ тілі

Тіл тарихы - терең мұхит
[ Скачать с сервера (49.9 Kb) ] 26.01.2015, 15:04

Қазақ тілі. 10-сынып

Күні:  _________

Сабақтың тақырыбы:         Тіл тарихы – терең мұхит

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: лексикологияның салалары, қолданылу аясы шектеулі сөздер туралы алған білімдерін пысықтау, дүниежүзі тілдерінің топтастырылуы туралы теориялық түсінік беру, тілдердің типологиялық классификациясы туралы, М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегі жайлы қосымша мәлімет ұсыну, жеке сөздерге лексикалық талдау жасау.
  • Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапсырмалар орындау барысында өз пікірін білдіру арқылы  ойын еркін, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.
  • Тәрбиелік: оқушыларға ана тіліміздің қадір-қасиетін түсіндіру арқылы туған тілін қадірлей, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                жаңа оқу материалын беру сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, пікіралмасу, талдау, салыстыру, лексикалық талдау, т.б

Сабақтың көрнекілігі:  үлестірме қағаздар,  тірек-сызбалар, слайд, т.б

Пәнаралық байланыс:          Қазақстан       тарихы, әдебиет, түркітану

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  • Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру;
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  1. Үй тапсырмасын тексеру. «Қазақ тілі:  бүгін мен болашақ» тақырыбына ой-толғау жазу. Лексикологияның салалары мен қолданылу аясы шектеулі сөздер.
  • Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау.
  • Семантикалық картаны толтыру;
  • Анықтамаларды бір-бірімен сәйкестендіру.

Үй тапсырмасын бірінші бөлігін сабақ басында сұраймын. Ал теориялық бөлігін сабақ барысында сұралады.

  1. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.

Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы деген дүние жүзі тілдерін өзара туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға топтастырылады.

 

1

Үндіеуропа

Индия, славян, герман, балтық тобы, роман, кельт, грек, албан, армян топтары

2

Семит-хамит

Араб тілі, египет тілдері тобы

3

Финн-угор немесе угор-финн

Угор, финн тілдері тобы

4

Кавказ

Картвель, бацбий-кистин, дағыстан

5

Түркі тілдері

Батыс ғұн (бұлғар, оғыз, қыпшақ, қарлұқ)

Шығыс ғұн (ұйғыр-оғыз, қырғыз-қыпшақ)

6

Моңғол тілдері

Халха-моңғол, бурят, қалмақ тілі

7

Тұңғұс-маньчжур тілдері

тунгус, маньчжур топтары

8

Қытай-тибет тілдері

Таи-тибет, тибет-бирма тілдері

 

Басқа топтар

Малайа-полинезей тілдері, дравид, аустро-азиялық, полеафрикан, полеазиат, т.т.

 

Түркі тілдері

Классификациялық негізі

Еуразия тілдері одағы

Шығу тегі

Орал-Алтай тілдері одағы

Топтамалық сипаты

Түркі тілі бұтағы

Атамекені

Оңтүстік Сібір, Орта Азия, Алтай

Мәртебесі

Жалпыға танымал

Таралу аймағы

Балқаннан  Якутияға дейін

 

  1. Бекіту тапсырмалары:
  1. 6-жаттығу.

Мақсаты: М.Жолдасбеков бүгінгі тілімізде сөйлеткен түрік бітік мәтінімен төмендегі кесте бойынша жұмыс істеңдер.

  1. 9-жаттығу.

Мақсаты: Мәтінді оқып, мазмұндау. Махмұт Қашқари туралы білетін мәліметтермен бөлісу.

  1. Махмұт Қашқари қараханидтар мемлекетінің жоғары билігіне иелік еткен отбасында дүниеге келді.
  2. Ең қызығы, осылардың бәрі ғылыми талғаммен, биік парасатпен беріледі.
  3. Бұл картада сол замандағы түркі халықтарының географиялық орналасу тәртібі, этнонимдері мен топонимдері мейлінше толық сипатталған.

 

Лексикалық талдау жасау.

  • Отбасы – бірлесіп күн көретін, туыстық қарым-қатынаста тұратын адамдар тобы; тура мағынада

Жалпыхалықтық лексика, синоним: жанұя

  • Биік – жоғарғы дәрежеде деген мағынада, ауыспалы мағына

Жалпыхалықтық лексика,

синоним: заңғар, асқар, алып; антонимі: аласа

  • Этноним – тіл білімінің термині,

Қолданылу аясы тар лексика

  1. 7-жаттығу.

Мақсаты: Қырғыз тілінің қазақ тілінен айырмашылығы мен ұқсастықтарына назар аударыңдар.

Қырғыз тілінде

Қазақ тілінде

Элинин

Елінің

Кылымдар

Ықылым

Өткөрүп

Өткеріп

Турмуштук

Тұрмыстық

Тажрыйбаларын

Тәжірибелерін

Каада-салтын, урп-адатын

Кәде-салтын, ғұрып-әдетін

Ишеним-тушунугун

Сенім-түсінігін

 

  1. Рефлексия.

Оқушыларға қосымша мәлімет жасырылады. Қосымша мәліметті ашу үшін төмендегі сұрақтарға жауап беру керек.

  1. Тілді зерттейтін ғылым қалай аталады? Тіл білімінің салаларын атаңыз.
  2. Дүниежүзі тілдерін генеологиялық классификация бойынша қалай топтастырамыз?
  3. Қазақ тілінің  қай тілдер жанұясына жатады?
  4. Түркі тілдері өзінің дамуы барысында қандай тарихи кезеңдерді басынан өткерді?
  5. Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі тілдерінің сөздігі») қазақ тіліне тәржімалаған кім?
  6. Лексикологияның салаларын атаңыз.
  7. Қолданылу аясы шектеулі сөздерге не жатады?

 

Қосымша мәлімет. Тілдердің типологиялық классификациясы - тілдерді фонетикалық грамматикалық құрылысына қарай топтастыру.

1. Фонетикалық типология,

2. Синтаксистік типология.

3. Морфологиялық типология Бұлайша топтастырудың тілдер арасындағы туыстыққа тікелей қатысы жоқ. Типологиялық классификациялардың ішінде ең жете зерттелгені морфологиялық типология. Онда әлемдегі тілдерді тұлғалық түрлену жүйесі бойынша топтастырады.

1. Түбір тілдерде сөз түрлендіруші аффикстер болмайды, сөздер орын тәртібі арқылы байланыса береді (қытай тілі).

2. Агглютинативті тілдерде жұрнақтар мен жалғаулар кең таралған және олар түбірдің үстіне бірінен соң бірі үстемеленіп жалғана береді де сөз ұзара түседі. Әлгі қосымшалар бір мағыналы болады, ал түбір өз тәуелсіздігін сақтайды, өзгермейді (қазақ тілі, ноғай тілі). (көше-көшелер-көшелерге-көшелерімізге).

3. Флективті тілдерде қосымшалар түбірдің көрінісіне өзгерістер енгізеді және ол қосымшаларда көп мағына болады, сондықтан сөздің көлемі ұзармайды, түбір өз ішінен өзгереді (орыс тілі, ағылшын тілі).

 

  1. Қорытынды. “Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің”. Қ.Жұмаділов өз ойын осылай жеткізген. Ал сен ана тілің жайлы қандай ой қоса аласың?
  2. Бағалау.
  3. Үй тапсырмасы. Түркі тілдерінің жанұясы (жаттау), 10-жаттығу

 

Категория: Қазақ тілі | Добавил: ССА | Теги: тарихы, тіл, мұхит, терең
Просмотров: 1795 | Загрузок: 460 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar