Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Бастауыш сыныптарға

- Тіл дамыту құралы
[ Скачать с сервера (16.2 Kb) ] 25.02.2015, 10:05

Сагабаева     Зауре    Нұрмашқызы   Бөдеті орта мектебі.

Жаңылтпаштар -                                            Тіл дамыту   құралы

 Халық ауыз әдебиетіндегі ұсақ жанырлар деп аталатын жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, өтірік өлеңдердің балалар фольклорынан алатын орны ерекше. Халықтық шығармалар ішінде баланы тәрбиелеумен қатар дұрыс та айқын сөйлеуге үйретіп, тілін дамытатын жанр – жанылтпаш.

 Жаңылтпаш – бастауыш мектеп оқушыларына лайық шығарма. Баланың сөздік қоры молая бастаған кезде кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Мүдірмей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстары сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады.

Жаңытпаштарды тіл дамыту құралы десек, мұғалімнің міндеті- оларды балалардың жас ерекшеліктеріне, сауат ашу сабақтарының мазмұнына сәйкес лайықты, орынды қолдана білу керек. Ал сабақ барысында, оның ішінде сауат ашу сабақтарында жанылтпаштарды қолданудың маңызы зор.

Жеке дыбыстарды  таныстыру сабақтарында сол дыбыстарға сәйкес жазылған жанылтпаштарды мұғалім балаларға жаттатып,сабақты бекітерде қолдана білсе нұр үстіне нұр болар еді.

Мысалы, «Аа» дыбысы мен әрпін таныстыру сабағында.

Алатаудан асты аға,

Алдында тұр Астана.

            жаңылтпашын жаттатуға болады.

Ә дыбысын өткенде

  • Әсем Әшен бе,

Әжем әсем бе?

Әшен де әсем,

Әжем де әсем деген, ал

«Тт» дыбысы мен әрпін өткенде оқулықта таудың суреті беріледі; Бұл жерде

Тау бар, тау бар.

Тауда бау бар. деген жаңылтпашты үйретіп жіберуге болады.

Осы секілді «Пп» дыбысын өткенде.

Піскен пісте

Піс те, пісте жерге түспе деп келетін жаңылтпаштар баланың тіліне жеңіл.

«Нн» дыбысын өткенде

«Наушникті ап тығып құлаққа,

Бермейді жауап

Жақан аптығып сұраққа.

«Ғғ» дыбысын өткенде

Ғалам ғажайыбын ғылым ашады,

Ғылым ғажайыбын ғалым ашады,

Ғылым ғылым үшін арып-ашады.

«Рр» дыбысымен әрпін өткенде оқулықта бал арасын өсіретін омарташаның суреті берілген. Демек

Бауда ара бар

Ара барда бал бар.

Жейсіңдер, балалар,

Қайда кетер,бар, бар деген жаңылтпашты балалар тез жаттай алады.

 

 

 

«Лл» дыбысы мен әрпін таныстыру сабағында.

Линза алған жоқ Линзаны

Лиза алды линзаны

Лиза – әйбат бала

Линза – әйнек қана деген жаңылтпашты жаттата отырып, «линза» сөзіне түсіндірме беру керек.

 

 

 

«Уу» дыбысы мен әрпін өткенде.

Қиқарбай қисынсыз қуалап допты,

Ұялай уақытын уалап жепті.

Бала тіліндегі «ш» дыбысы мен «с» дыбысын шатыстырып айтуды түзету үшін;

Шалғынға шалғыны қалдырғаны,

Шауырдың шалағайлығы.

Шүу асау

Шүу асау да

Құрық тисе,

Жуас асау.

«Оо» дыбысы мен әрпін өткенде.

Оралдан омарташылар оралды,

Оралбай аға орманға орналастырды оларды.

«Ққ» дыбысы мен әрпін өткенде.

Қар аппақ,

Дала аппақ,

Бәрі аппақ,

Қарап бақ.

Бұл қар-сұр қар

Сұр қар-кір қар.

Үстінде аунама

Үстіңді  былғар.

«Дд» дыбысы мен әрпін өткенде.

Дос досқа «дос-дос» десін десең,

Досқа дос өштеспесін де...

Дос досқа өштеспесін десең,

Досқа дос «дос-дос» десін де...

 

«Мм» дыбысын өткенде.

Малта сор, малта қарынды

 

аштырмайды. Сөмкеге салмай қарындаш тұрмайды.

 

 

 

«Бб»  дыбысын өткенде.

Бақбақ батбақта ма?

Бақбақ бата ма?

Батырға қай көлік сай көлік?

Батырға сайгүлік сай көлік.

«Сс» дыбысы мен әрпін өткенде.

Сыйлыгүл сырмақты сыри берді,сыри берді.

Сырлыгүл Сыйлыгүлге сыйлыққа сиыр берді.

 

«Зз» дыбысымен әрпін өткенде.

Қаз – маңғаз, маңғаз қаз.

Әр қаз- маңғаз.

«Өө» дыбысы мен әрпін өткенде.

Жол бар, жолда ор бар

Орға  барма, өрге бар.

«Ұ» дыбысын өткенде

Ұлытуда ұларлар бар

Ұларларды  ұстар ұландар деген, ал балалардың бәрінің бірдей тілі келе бермейтін  «ң» дыбысын таныстыру сабағында:

Ләңгі – сәңгі қалды

Әбді шаңғы алды деген жаңылтпашты жаттатуға болады.

Тақырыпқа бағытталған осындай жаңылтпаштармен әрбір сабақ өтілсе, сабақ сапасы арта түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Бастауыш сыныптарға | Добавил: sagabaevazaure | Теги: құралы, тіл, дамыту
Просмотров: 1280 | Загрузок: 420 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar