[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 1 из 1
  • 1
Форум Referati.KZ » Қазақша Форум » ҰБТ Тапсырушыларға » ҰБТ 2012 қорытындысы. Грант иегерлерінің тізімі. (ҰБТ 2012 қорытындысы. Грант иегерлерінің тізімі.)
ҰБТ 2012 қорытындысы. Грант иегерлерінің тізімі.
про100_лучший___)Дата: дүйсенбі, 07.01.2013, 21:58 | Сообщение # 1
Mail.ru
Группа: V.I.P Қолданушы
Сообщений: 1
Репутация: 0
Статус: Желіде емес
Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары белгілі болды. Бүгін Білім және ғылым министрлігі сынақ нәтижелерін ресми мәлімдеді.

Биылғы тестілеуге барлығы 117 432 талапкер қатысып, оның 43 163-і төменгі межеден өте алмай сынақтан сүрінді. Бұл – тестке қатысушылардың 36,8 пайызы. Ал, 100–ден аса ұпай алғандардың саны 10 755 оқушыны ғана құрады. «Алтын белгіге» үміткер 5761 баланың 4315-і төс белгіні ақтай алмай шықты.

Ең жоғарғы орташа ұпай Алматы қаласында – 84,7. Екінші орында Ақтөбе облысы тұр – 78,7 балл. Ал Астанада орташа ұпай саны – 78,5, ал Солтүстік Қазақстанда – 77,9 балл.

125 ұпай жинап, жоғары көрсеткішке қол жеткізген үш мектеп бітіруші бар. Олар Астана қаласы қыздарға арналған қазақ-түрік лицейінің оқушысы Әсел Қисықова, алматылық, №90 лицей түлегі Кирилл Ким және Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназия оқушысы Әсем Айдарова.

Ал талапкерлерді шешіндіріп, тексеріп, сынаққа талапкерлерді құлазытып кіргізді, деген деректерді дәлелдегенмен, олар емтиханды қайта тапсыра алмайды. Өйткені, бұл бірыңғай тестілеудің ережелерінде қарастырылмаған, дейді құзырлы орган мамандары

Махметғали Сарыбеков, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да болған жағдайға байланысты айтсақ. Қазір 29 мектеп бітіруші 1 маусымда сол пунктте ҰБТ тапсырғандар. Сол 29 оқушы республикалық аппеляциялық комиссияға өз өтініштерін білдірді. Қазір республикалық аппеляциялық комиссия олардың өтініштерін мұқият қарап жатыр.

ҰБТ-2012 қорытындылары
ҰБТ қатысушылар саны 117 432 оқушы
Төменгі межеден өте алмағандар саны 43163 оқушы (36,8 wacko
100 ұпайдан жоғары жинағандар саны 10 755 оқушы
«Алтын белгіге» үміткерлер саны 5761 оқушы
«Алтын белгіні» ақтай алмандар саны 4315 оқушы

Ең жоғарғы орташа ұпай жинаған аймақтар
Алматы қаласы 84,7 ұпай
Ақтөбе облысы 78,7 ұпай
Астана қаласы 78,5 ұпай
СҚО 77,9 ұпай

125 ұпай жинаған талапкерлер
Әсел Қисыкова – Астана қаласы қыздарға арналған қазақ-түрік лицейінің оқушысы
Кирилл Ким – Алматы қаласы, № 90-ыншы лицей түлегі
Әсем Айдарова – Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназия оқушысы


ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ 2012 жыл


Сообщение отредактировал про100_лучший___) - дүйсенбі, 07.01.2013, 22:02
 
Форум Referati.KZ » Қазақша Форум » ҰБТ Тапсырушыларға » ҰБТ 2012 қорытындысы. Грант иегерлерінің тізімі. (ҰБТ 2012 қорытындысы. Грант иегерлерінің тізімі.)
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск: