Главная » Статьи » Сұлтанмахмұт Торайғыров » Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Өлеңдері

Бір баланың тілек батасы

Бір баланың тілек батасы


Оқыт бізді, әкетай,
Қам көңілім болсын жай.
Надандықтан құтқарып,
Қуанта көр, құдай-ай!
Көңіл менен көзді ашып
Уанта көр, құдай-ай!
Аяндардың пітінесін
Суалта көр, құдай-ай!
Надандықта қор қылма,
Миллетке бізді сор қылма,
Микробтарды зор қылма,
Рақым айлап, құдай-ай!
Категория: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Өлеңдері | Добавил: Злой_Админ)) (16.12.2012) E
Просмотров: 1007 | Теги: батасы, баланың, тілек, Бір | Рейтинг: 0.0/0