Главная » Статьи » Сұлтанмахмұт Торайғыров » Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Өлеңдері |
Анау-мынау
Анау-мынау
Анау қырда татар тұр, Басқалармен қатар тұр. Мынау ойда қазақ тұр, Қастарында азап тұр. Ұйқысы көп, ояу аз Бұл не деген ғажап тұр? Бұл ұйқысын ашпаса, Надандықтан қашпаса, Басқаларға мазақ тұр. Мынау жерде хадим* тұр, Қаркарада жаны тұр, Ілініп-салынып әлі тұр, Бірер күндік халі тұр. Анау жерде жадиттер**, Одан біздер үміткер, Олардан тәлім алмасаң, Көрген күнің болар тар. Мынау төрде ишандар, Аузы-басы қисаңдар. *) Хадим (арабша) — бұл жерде ескі оқу.
**) Жадит (арабша) — жаңаша, төте оқу. | |
Просмотров: 1154 | | |