Главная » Статьи » Сұлтанмахмұт Торайғыров » Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Өлеңдері |
Ақ сәуле
Ақ сәуле
Назды, нәзік, ақ сәуле,
Көздің жасын исең-ау! Елжіреп жас жүрегің, Мендей болып күйсең-ау! Омырауы ашық ақ көйлек, Етегі қысқа кисең-ау. Еркелетіп, бұралтып, Ерінге ерін тисең-ау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Ақ тісіңді ақситып, Махаббатпен күлсең-ау. Ақ торғынға оранып, Тау ішіне кірсең-ау. Арасында гүлдердің, Қолтықтасып жүрсем-ау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Арасынан тоғайдың, Түрлі жеміс терсең-ау. Мынаны қара, жаным,— деп, Бұралып, күліп, келсең-ау. Мойныма келіп асылып, Жемісіңді берсең-ау. Жас баладай еркелеп, Жалғыз маған сенсең-ау. Кылығыңмен, назыңмен Еркімді алып жеңсең-ау. Қаз алатын қырандай, Қайырылып мен де ілсем-ау. Гүл, бәйшешек ішінде Ісімді өзім білсем-ау. Аққан бұлақ қасында, Сәулелі күн басымда, Бұлбұл сайрап қасымда, Ырза болам өмірге, Үстіп дәурен сүрсем-ау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Бір томарға отырып, Аяқты суға малсам-ау. Майысқан ақ қолыңмен Денеге су салсам-ау. Кейде суды шашысып, Кейде жабысып қалсам-ау. Күлімдеп көзге көз түсіп, Алдыма қысып алсам-ау. Киім жапқан әлемнің Ләззатына қансам-ау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Үсте сәуле алтын күн, Қоршаған тоғай нансаң-ау, Сайраған бұлбұл бұтақта, Кұлақ құрыш қансаң-ау! Неше түрлі гүл иісі Иіскеп мас боп қалсам-ау. Керілік келмей, жаз өтпей, Сондай түрде қалсам-ау! | |
Просмотров: 830 | | |