Главная » Статьи » Абай Құнанбаев » Абай өлеңдері

Алла деген сөз жеңіл
Алла деген сөз жеңіл

Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға ауыз жол емес.

Ынталы жүрек, шын көңіл

Өзгесі хаққа қол емес.

Дененің, барша қуаты

Өнерге салар бар күшін.

Жүректің ақыл сауаты

Махаббат қылса тәңірі үшін.

Ақылға сыймас ол алла,

Тағрипқа тілім қысқа аћ!

Барлығынша шүбәсіз,

Неге мәужүт ол қуа.

Ақыл мен хауас барлығын

Білмейді жүрек,сезедүр,

Мұтәкәллимин мантикин

Бекер босқа езедүр.
Категория: Абай өлеңдері | Добавил: Злой_Админ)) (11.12.2012)
Просмотров: 1922 | Теги: Алла деген сөз жеңіл | Рейтинг: 3.2/4