Главная » Файлы » Ұлы заман Тұлғалары » М

Малайсары
[ · Скачать удаленно (14.1Kb) ] 31.10.2012, 22:22
Малайсары (шамамен 1700 — 1756) — Орта жүздің батыры әрі биі. Арғын ішіндегі бәсентиін руынан шыққан. Әкесі Тоқтауыл — батыр, балуан, анасы Мөлдір — қалмақ қызы, қарындасы Гауһар (Қабанбай батырдың әйелі) — ерлігі аңызға айналған қаһарман қыз. Малайсары Абылай ханның сұлтан кезінен сенімді серігі болған. Шоқан Уәлихановтың] жазуына қарағанда, Абылай хан Малайсарының батырлығын, ақылы мен қайратын жоғары бағалаған. Малайсары Ресейдің қоластына кіруге қарсы болған. Қазақ-қалмақ соғысын тоқтатып, екі хандық арасында бейбіт бітім жасау саясатын ұстанды. Ол жоңғарларға қазақтың елшісі болып барған. Қазіргі Павлодар облысы Май ауданындағы Малайсарының туған жеріне, Жоңғар Алатауының батыс сілеміндегі тауға Малайсары есімі берілген.
Категория: М | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Малайсары
Просмотров: 1151 | Загрузок: 401 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar