Главная » Файлы » Ұлы заман Тұлғалары » М

Майлықожа Сұлтанқожаұлы
[ · Скачать удаленно (17.8Kb) ] 31.10.2012, 22:19
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835, қазіргі Отырар ауданы Қожатоғай ауылы – 1898, Бөген ауданы Бадам ауылы) — халық ақыны. 1835 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, осы күнгі Отырар ауданы «Қожатоғай» бұрынғы аты «Қосжарсуат» деген жерде дүниеге келді. Ауыл молдасынан сауат ашып, ескіше хат таныған. Майлықожа өлеңдерін ауызша да, жазбаша да шығарған.
Майлықожаның еңбектері

Майлықожаның әдебиет мұрасын жанры мен мазмұнына қарай төрт тақырыпқа бөлуге болады:

ғибрат, нақылдар («Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса»);
арнау өлеңдер («Ахмет төреге», «Тұрлыбекке», т.б.) дастан, мысалдар («Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», т.б.);
айтыстар (Құлыншақ, Мәделі Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Сүйінбай, Ұлбике, т.б. ақындармен).

Ақынның бір топ өлеңі Түркістан семинариясының оқытушысы Я.Я. Лютштің құрастыруымен Ташкентте басылып шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» кітабына енген. Майлықожа ауыз әдебиетін жақсы білген. Ол фольклоршы Ә.Диваевқа мол материал берген. Біраз өлеңдері

«Үш ғасыр жырлайды» (1964)
«Бес ғасыр жырлайды» (1964)
«Ай, заман-ай, заман-ай» (1991) кітаптарында және

«Айтыс» атты 2 томдық кітапқа (1988) айтыстары енген.
Басқа классификация
Термелер: – Ұятсызда иман жоқ, Ілімге толса көкірек, Бітсейші дәулет талапқа, Иман мен Құдай алсында, Ақынның айтқан нақылы, Әдемі сөзім жайылсын, Жолдас болсаң жақсымен, Өлшеніп берген өмір бар.
Айтыс: – Құлыншақпен, Ұлбикемен, Мәделіқожамен, Гулханыммен, Қырғыз ақыны мен айтыстар.
Арнау: – Ысаны көрді көзіміз, Мылтықбай мырза тыңдағын, Тұрлыбекке, Сейтжаппар төреге, Мәді әмин төре ханымыз.
Ел арасындағы саяси жағдайлар: – Бір сайлаудың жайына Майлықожаның араласуы, Қонысты орыс алғаны, Датқалардың Петрборға барғаны, Сайлаудың сақтан жұртым сарсаңынан.
Ел жақысларына баға беріп айтқандары: – Осы елдің ескі уақытын айтты Майлы, Қараның өтті хандары, Тайтелінің еліне, Қанайға баласы өлгенде, Момбке датқа өлгенде, көңіл айту арқылы марқұмды мадақтап қазақ тарихына тереңдеп ену, ел арасындағы алауыздықты сынап, мінеу Қоян жылы жаумады көктен жаңбыр, діни сарындағы дастандар Зарқұм, Әмір Әмзе, тымсалдар секілді жырлары мен артына айтарлықтай мол мұра қалдырған ақын. Бірақ өлеңдері ислам қағидаларын насихаттайтын және Ресей бодандығына қарсы болған соң Кеңестік дәуірде зерттелмеді.

«19-ғасырдағы қазақ ақындары», «Айтыстар» жыйнақтарында ішінара ақынның өлеңдері беріліп келді. 1972-жылы ғалым Ә. Оспанұлының ерен еңбегінің арқасында «Нақыл» деген алақандай жыйнағы жарық көрді. Ел егемендік алған соң 1993-жылы ақынның Әсекеңнің қолынан: «Дүние-ай», «Нақылият», «Өсиет», «Қара сөздер», «Әмір Әмзе», «Әбділла бала» атты кітаптары, 2005-жылы 860-беттік «Майлықожа атты жыйнақ шықты. 2009-жылы ақынның тұғанына 175-жылдығы қарсаңында Түркістан қаласындағы Қ.А. Йасауий атындағы халықаралық Қазақ-Түрік Университетінде «Қазақ әдебиетіндедегі кітаби ақындар дәстүрі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Конференция қарсаңында ақынның жаңа табылған өлеңдері «Майлықожа» деген атпен кітап болып басылып шықты. Конференция еңбектері өз алдына бір кітап болып жарық көрді 2010-жылы 9-желтоқсанда Астана қаласында, Қазақстан Республикасы президентінің мәдениет орталығында ақынның туылғанына 175-жылдығы құрметіне «терме» кеші өтті. Терме кеші құрметіне ақынның «Терме-толғау» атты кітабы шығарылды. 1898-жылы Бадам станциясынан сәл жоғары Қара бастау деген жерде дүниеден өткен. Қабыры сол жерде «Мәлім мола» қабірстанында.
Пайдаланылған әдебиет
↑ Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN: 9965-17-272-2
Категория: М | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Майлықожа, Сұлтанқожаұлы
Просмотров: 4517 | Загрузок: 540 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar