Главная » Файлы » Ұлы заман Тұлғалары » М

Мақаш әкім (нақты есімі — Мұхамбетжан Шолтырұлы Бекмұхамбетов)
[ · Скачать удаленно (17.5Kb) ] 31.10.2012, 22:29
Мақаш әкім (нақты есімі — Мұхамбетжан Шолтырұлы Бекмұхамбетов) (1830, Бөкей ордасы — 1904, сонда) — қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
2 Қоғамдық қарекеті
3 Әдебиеттер
4 Пайдаланған әдебиттер

Өмірбаяны

12 ата Байұлының шеркеш руынан шыққан.

Алғаш Жәңгір мектебінде сауат ашқан соң, 1844—51 ж. Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқып, кіші унтер-офицер атағын (зауряд-жүзбасы шені) алып шығады.

1852 жылдың басында 4 айдай шекара комиссиясында қызмет атқарады. Одан соң Бөкей ордасын басқаратын Уақытша кеңестің Нарын құмындағы ордасында тілмаш.

1852—92 жж. Каспий жағалауы 1-ші және 2-ші аймақтарына әкімдікке тағайындалды. Осы қызметті ұзақ жыл атқарып, ел басқарған ол 1892— 97 жж. Уақытша Кеңестің кеңесшілігіне ауысады, есауыл шенімен зейнетке шығады.

1881 ж. шілдеде Ішкі орда өкілдерімен барған 4 казақтың бірі болып, патшаға жолыққан. Кейін де бірнеше рет өкілдер арасында Петерборға барған.

1896 ж. ол жергілікті әкім Өтешқали Атаниязов екеуі патшаға алтыннан жасалған киіз үй пішімін сыйға тартып, Ресей өкімшілігінің қазақ халқын шоқындырып, орыстандыру әрекетін тоқтатуды өтінеді.
Қоғамдық қарекеті

Мақаш әкім баспасөзде түрлі тақырыпта мақалалар жариялап тұрды. Этнографиялық мақалалары орыс зиялылары тарапынан жоғары бағаланып, Астархан жағрапиялық қоғамына мүшелікке сайланады.

1810 жылы Астарханнан шыққан «Астархан гөбернесіндегі көшпелі қазақтар мен қалмақтар» атты кітапқа ел аузынан жинағын ауыз әдебиеті үлгілері енді.

Ауыз әдебиетінің нұсқаларын — нақыш-ғақлиялар, мақал-мәтел, т.б. жинап, әдет-ғұрып, жол-жоралғыларына ғылыми-танымдық түсініктемелер жазьш, қазақтардың өзіндік мәдени дәстүрі бар, рухани өлемі бай халық екенін танытуға үлкен үлес қосады. Бұндай қолжазба мұралары Санкт-Петербордағы Салтыков-Щедрин атындағы көпшілік кітапханада, Ресей ҒА Шығыстану институтының профессор И.Н. Березин қорында сақтаулы тұр.

Доспамбет, Жиембет жыраудың, Есет бидің нақыл сөздерін ел аузынан жинақтап, 1908 ж. «Жақсы үгіт» деген кітап шығарды.

Өзі басқарған аймақта халықты сауаттандыру мақсатымен жеке қаражатына мектеп салдырып, бала оқытты.

Мақаш әкімнен «Мақаштың Байжұмасы», «Көк жорға», т.б. күйлер қалды.
Әдебиеттер
Мақаш әкім. құраст. Ө. Әлімгереев, А., 2001. М. Әбдеш, Т. Шәріпқалиев


ly:Geo�;o�%
`f
33'>йелері әбден бұзылып, төбеге айналған орны ғана сақталған. Қазба жүргізу нәтижесінде табылған құты, құман, саптаяқ сияқты қыштан жасалған ыдыстардың сынықтарына қарағанда, Мергентөбе б.з. 1 ғасырнда өмір сүрген қаңлы тайпаларының мекенжайы болған. Олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан.
Категория: М | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Мақаш, Мұхамбетжан, әкім, есімі, Бекмұхамбетов), Шолтырұлы, (нақты
Просмотров: 1384 | Загрузок: 404 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar