Главная » Файлы » Ұлы заман Тұлғалары » Қ

Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр)
[ · Скачать удаленно (43.2Kb) ] 06.11.2012, 18:46
Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы «Жылнамалар жинағын» жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. «Жинақтың» тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған («Язык», «Жамиат-тауарих», «Жалаири», Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахандар әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
2 Жылнамалар жинағы
3 Күміс сандық құпиясы
4 Жалайыр тайпасынан шыққан
5 Қадыр Әлі би еңбегі маңызы
6 Қосымша
7 Сілтемелер
8 Сыртқы сілтемелер
9 Пайдаланған әдебиет

Өмірбаяны

Ол қазақтың ұлы хандарының бірі Тәуекел сарайында қызмет етіп, ақылшы, кеңесшілік рөл атқарған. Ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жақсы меңгергендіктен, асқан зор білімінің арқасында жас бекзадаларды оқытып, тәрбиелеген. Әсіресе оның үлкен үміт еткені — Оразмұхаммед сұлтан еді. Өзінің ғылыми еңбегінде бұл туралы былай дейді: «Менің аталарым Оразмұхаммед сүлтанның аталарына қызмет етті. Өзім Оразмұхаммедтің қасында болдым». ХVI-ХVII-ғасырларда жалайырлардың бір бөлігі Ұлытау, Көкшетау аймағында көшіп жүрген. Қазіргі географиялық картада, Арқа жақта Жалайыр, Найман деген ұзыннан ұзақ бел-белестер бар. ХVIII-ғасырдағы Жоңғар қалмақтары жасаған жойқын шабуылда («Ақтабан шүбырынды, алқакөл сүлама» заманында) Жалайырлар әуелі Бетбақдалаға ығысып, кейін құба қалмақтар жеңіліп, қазақтың кең даласы жаудан тазара бастаған соң, жылжи-жылжи Шу, Іле, Қаратал өзендерінің жағалауына келіп орналаса бастайды. Қазақ хандарының қыстық қонысы Түркістанда болған да, жазда Арқа жаққа, Көкшетауға көшіп барады екен. Хан-сұлтандар ол кезде аң аулауға жеке дара шықпайды, көп нөкер, саятшы ерткен. Бұл кезде бір орталыққа бағынып,жаңа күшейіп келе жатқан орыс патшалары оңтүстік шығыстағы көршісі қазақ хандығымен қарым-қатынасын кеңейтуге мүдделі-түғын. Шығысында пайда болған үлкен мемлекет Жоңғар хандығы, оңтүстік батысында өзбек әмірлері, Жайықжақтан башқұр мырзалары тыныштық бермей отырған қазақ хандары да орыстармен сыпайы сауда-саттық қатынас жүргізіп жатқан. Оқта-текте Мәскеуге елшілері де барып қайтатын. Бірақ өздерін ішке кіргізбейтін. Сол кездердің өзінде-ақ қазақ хандығы әлсірей қалса, ұлан байтақдаланы иемдену сияқты түпкі арам ойы бар орыс патшалары сол елдің ішкі-сыртқы жағдайын, тарихын, салт-санасын, әскери күшін, қорғану қабілетін жете білуге тырысуы заңды еді. Осы мақсатпен олар ханның айналасындағы адамдардан түтқын алуды бұрыннан ойлап жүрген. Жас сұлтан Оразмұхаммедтің аңшылыққа құмар екенін, жылма-жыл ерте көктемде, күзде Ертіс, Тобыл бойын жағалап ит жүгіртіп, құс салатынын жансыздары арқылы біліп отырған Сібірдегі орыс әкімдері (патшаның тапсырмасы бойынша) аңдып жүріп, Тобыл алқабында қаршыға салып, көңіл көтеріп жүрген Оразмұхаммедті, Қадыр Әлі бастаған саятшы, нөкерлерімен қоса тұтқынға алады да, «аманат» ретінде Мәскеуге жөнелтеді. Бұл 1588 жыл еді. Оразмұхаммедтің хан ордасы адамы екенін, Қадыр Әлінің Шығыс тарихын, мәдениетін жақсы білетінін, көп тілдерді игерген ғұлама екенін сезген соң, орыс патшасы оларды жақсы қабылдайды, өз маңайында ұстайды. Әскер өнерін жетік білетін батыр жігіт Оразмұхаммед 1590-91 жылдары орыстардың Шведтерге, Қырым хандығына қарсы жүргізген соғыстарына қатысып, ерлік көрсетеді. Соны ескерген жөне оның хан тұқымы екенін білетін патша Федор Иоанович 1592 жылы Ока өзені бойындағы мұсылмандар мекендейтін бұрынғы Қасымов хандығынан Оразмұхаммедке жер бөліп береді, 1600 жылы ұлы патша Борис Годунов Оразмұхаммедті Қасымов ханы етіп тағайындаған. Өзінің арғы тегі жалайыр екенін білді ме, жоқ па — әйтеуір Қадыр Әлі бек те зор құрметке бөленіп, бас уәзірлік қызметін атқарады. Қазақ елінің тарихы жөніндегі ғылыми еңбекті де Борис Годуновтың тапсырмасы бойынша жаздым деуі орынды. Себебі бұл еңбек ақ патшаға арналған және алғашқы тарауында соның билік жүргізу жүйесін бейнелейді. Қадыр Әлінің бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ш.Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Байұзақ Албани: «Тарихнамада оның есімі Әбілғазы, Бабыр, Бенаи сияқты ғүлама тарихшылармен қатар аталады. Орыс ғалымдары Н.И.Ильминский, И.Н.Березин, В.В.Вельяминов-Зернов оның еңбегін жоғары бағалады», — дейді «Тарихи таным» атты кітабында. (195-бет). Оразмұхаммед пен Қадыр Әлі бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы, көне тарихымыздың білгірі Мүхтар Мағауин «Аласапыран» атты романында кең және көркем баяндаған. Бұл романы үшін оған Мемлекеттік сыйлық берілгені белгілі. Соңғы кездері Қадыр Әлінің еңбегін әл Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік үлттық Университетінің профессоры М. Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. Байұзақ Албани былай дейді: «Ол жырақта жүрсе де, қазақ хандарының саяси-өлеуметтік жағдайлары, Қазақстанда рулық-патриархалдық қатынастардың қалыптасуы, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қаршылар, бектер мен хафиздер т.б. жайында деректі мәліметтер жазып қалдырды. Автор жылнамада Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керейіт, алшын т.б. түркі ру-тайпаларына тарихи анықтама берді. Ол Рашид ад-Диннің парсы тіліндегі «Жамиат-тауарих» шежіре кітабына сүйене отырып, Шыңғысхан әулеті және оның өзі жайында аса мол деректер келтіреді, қазақ хандарының өмірбаянына тоқталады. Онда қазақ жері, оның қалалары, ХIII-ХVӀ ғ. аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ хандарының ішкі-сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар және қазақжерін мекендеген ежелгі рулар бірлестігі жайында деректер бар.
Жылнамалар жинағы

«Жылнамалар жинағының» жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: «Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз». Сөйтіп, ол Қадыр Әлі еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша «Джами ат-Таварих» — «Жылнамалар жинағы» деп атауды ұсынған. М.Қойгелдиев былай дейді: «Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылган екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол «Джами ат-Таварих» — «Жылнамалар жинағы» атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадыр Әлі би еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды». («Қазақ тарихы» журналы, 4-нөмір, 1994 жыл.)
Күміс сандық құпиясы

Қадыр Әліге аса жоғары баға берген үлы ғалымдарымыздың бірі — академик Әлкей Марғүлан, 1981 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің 1-нөмірінде жарияланған «Күміс сандық қүпиясы» атты көлемді мақаласында былай дейді: «Оразмұхаммедтің кітапханасында сақталған кітаптардың ең бағалысының бірі — өзіне дос болған серігі, әрі атақты биі, көркем тілде қазақша жазатын жазушы Қадырғали Жалайыридің шығармасы. Оның кітабы 1598 жылы жазылып біткен, әуелдегі аты қандай екені белгісіз. Жазудың бас-аяғы жоғалып кеткен… Шоқан оған зор ғылыми мән беріп, бүл қазақ тілінің жақсы бір мұрасы деп білген. Оның түсіндіруінше: «В отношении сведений о киргизах самое первое место занимает «Сборник летописей» издания Березина, замечательный тем более, что представляет единственные памятники прошедшей жизни казахов. Он написан в конце царствования Бориса Годунова… В нем степных уподоблений, поговорок бездна»… Оған бірінші көңіл қойған жазушы —Абылғазы. Бүл кісі Қадырғалидың кітабын Есім ханның үйінде қонақ болып, Түркістанда жатқанда оқыған болу керек. Есім — Тәуекелдің інісі, Оразмұхаммедтің ағасы. Москвадан қазақ елшілері алып келген Қадырғалидың кітабы Тәуекелде, Есімде болуы айдан анық. Сондықтан бұл кітапты Абылғазы бір ғана Түркістан қаласында оқиды. Орта Азияда өзге қалаларда бүл кітап болмаған. Ресейде бүл кітапты жақсы білген П.И.Рычков, Н.М.Карамзин оның керек жерін пайдаланып отырған. Абылғазы оқып шыққан бүл кітаптың бір көшірмесін Ибрагим Халифиннің Френге жазуынша, 1918 жылы Қазан Университетінің кітапханасы сатып алады…
Жалайыр тайпасынан шыққан
Қадырғали араб, парсы, түркі, орыс тілдерін бірдей жақсы білген… Қадырғали—Жалайыр тайпасынан шыққан қазақтың бірінші ойшыл ғалымы, жазушысы, өрнек қалдырған мәдениет мұрагері. Өзінің жазуында да жалайыр тайпасын жоғары көтеріп ардақтаған: «Алаш мыңы арасында үлығы тарақ тамғалы Жалайыр болған. Оның жазғандарын қазақ жазу мәдениетінің бірінші үлгісі деп тану керек». Соңғы жылдары казақ ғалымдарының күш салуы арқасында Қадыр Әлі еңбегі өз халқымыздың алтын қазынасына айналғанын айта кеткен жөн. Еңбек үш бөлімнен тұрады: 1.Борис Годунов билігін бейнелеу. 2.Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы. 3. Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы. Бұларға қосымша алтынордалық ірі қайраткер Едіге батыр жайында дастаны берілген. Қадыр Әлінің бұл еңбекті жазудағы негізгі мақсаты — өз әміршісі Шыңғыс хан ұрпағы Ондан сүлтанның баласы Оразмұхаммедтің хан тағына лайық екенін дәлелдеу. Екінші бір мақсат: «… патша Борис Федоровичтің мәңгі әділдігін, ақтығын айту және тағы жоғары мәртебелі Оразмұхаммед ханды жоғары мәртебелі патшаның қүрметпен хандыққа отырғызғанын көрсету үшін жазылды». (И.Н.Березин. «Библиотека восточных источников». I том, Казань, 1854.) Одан әрі Қадыр Әлі былай дейді: «… бүкіл орыс патшасы Борис Федоровичтің үкім жарлығымен оңды-солды қаршыларды, қүрметті бектерді отырғызып, көше-көше, орам-орам мылтық андаздармен маңғазданып және саясатпен қол қусырып, бас иіп, игі жақсылар түрды. Осындай салтанатпен Оразмұхаммед Ондан Сұлтанұлын аса құрметтеп, көрініске алып, бұл жерде патша хазіреті таққа отырғызды» (Қасымов қаласында). (Қасым хандығы Мәскеуден 250 шақырым Оңтүстік шығыста, Ока өзенінің сол жағалауына орналасқан.) Орыс хан туралы былай деген: «Оны барлыгы аға тұтып, патшалыққа отырғызды. Одан соң Орыс хан Алатау төңірегіне қоныс тепті. Ол жер өте үлкен және биік тау еді. Онда жақсы жайылымдар, сулар мен бұлақтар да көп болған… Отырар, Сайрам шаһарлары… Шу, Талас, Ыстықкөл, Теклік әуләяттары болған. Халқы өте көп, іргелі, мықты, даңқты және батыр болған». Қадыр Әлі бұдан кейін Құйыршық хан, Барақ сұлтан, Кіші Жәнібек, Қасым хан жайында баяндайды. «Оразмұхаммед Орыс ханнан Жәнібек ханға дейін төртінші буын еді», — дейді. «Шығай хан батырлығымен мәлім болды. Оның ұлы Ондан сұлтан ержүрек, батыр, садақ атудың керемет мергені еді. Әрқашан сыртқы жауларға қарсы күресте көп ерлік көрсетті… Ақырында қалмақтармен шайқаста отыз жасқа келген жігіт шағында шаһит болды. Оның қабірі Қожа Ахмет Яссауи (қасында) жерленді». Жалпы, Қадыр Әлі еңбегі қай сұлтанның, қай ханның, қай жерде шаһит болғанын, жерленгенін көрсетуімен де қүнды. Тәуекел ханды «Ислам мемлекетінің басшысы» деп атаған. Онда сұлтан шаһит болғанда Оразмұхаммедтің он үш жаста жетім қалғанын айтады. «Он алты жасында жалпы христиан басшысы Борис Федоровичке қызмет істеуге дайын болды» дейді (Оразмұхаммед 1610 жылы Лжедмитрий мен Василий Шуйский арасындағы қантөгісте ерлікпен көз жүмған.).
Категория: Қ | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қайырғали, (Қадыр, Жалаири, тегі, Жалайыр), Қосымұлы, арғы
Просмотров: 1650 | Загрузок: 415 | Рейтинг: 5.0/15
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar