Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Жігіт сұлтаны - 2013
24.09.2015, 15:19 | |
Жігіт сұлтаны - 2013 Мақсаты: Оқушылардың ұлттық салт - дәстүр негізінде білімдерін кеңейту. Адамгершілікке, ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу, Ұлттық дүниетанымын қалыптастыру. Татулыққа, ынтымақтыққа, бірлікке шақыру. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, проектор, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар. Барысы: 1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Сіздер бүгін "Жігітке жеті өнер де аз" атты жігіт сұлтаны сайысына қош келдіңіздер. Жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, біздің салт - дәстүрімізді, ұлттық ойындарымызды, шеберліктерін, онымен қоса білімділіктерін көрсетеді. Олай болса, жігіттерімізге сәт - сапар тілей отырып, "Жігітке жеті өнер де аз" атты жігіт сұлтаны сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! 2 - жүргізуші: Уа, халайық, халайық, Мұнда назар салайық. Ата жолын жалғамақ, Ел дәстүрін қолдамақ. Ел намысын қорғамақ. Жігіттер шықсын ортаға, Бүгін сұлтан атанбақ. 1 - жүргізуші: Қайсысы күйші? Кім биші? Талабына қарайық. Кімдер зерек? Кім жылдам? Таланттарын табайық. 2 - жүргізуші: Құрметті көрермен қауым, енді сайысқа түсетін жігітгерді қол СОҒЫП қошеметтеп шақырайық. 1 - жүргізуші: Білімді, өзі алғыр жан - жақты, Ақыл десе өз - өзіне айбынды. Тәрбиешісі мына біздің 7 «А»- ның Ортамызға шақырайық Абзалды. 1 - жүргізуші: Спортпенен білім жағын бір қосқан, Кем қалмаған талантпенен табысқан. Алдарыңызда өз палуан, күрескер, 7 «Б»- ның тәрбиешісі Әділбек 2 - жүргізуші: Жақсы жігіт, өнері бар талапты, 8 «А» ны өзі қалап, таңдапты, Шындық үшін шырылдайды, ұлт жанды, Шақырайық ортамызға Нұржанды. 1 - жүргізуші: Біледі ол жақсы менен жаманды, Өнерімен тамсандырған талайды. Талай қыздың жүрегін ол жаралар, Шақырайық 8 «Б»- дан Еркебұланды. Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 704 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |