Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Желтоқсан алауы (тәрбие сағаты)
24.09.2015, 15:42
Өндірістік оқу шебері: Исмагулова Анаргуль
Топ кураторы: Қуандықова Самал

"Желтоқсан алауы" (тәрбие сағаты)
Тәрбие сағатының мақсаты:
• Тәуелсіздік туы желбіреген жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерін айта отырып, оны мәңгі есте сақтау керек екендігін түсіндіру.
• Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі, халқы үшін жастық өмірін қиған аға ұрпақтың ерлік істерімен таныстыру.
• Еліміздің тарихы туралы түсінік бере отырып, халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының рәміздері.
2. Буклеттер, интерактивті тақта.
3. Қанатты сөздер

Кіріспе
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұлы дүбірге үн қоса отырып, оқушыларды Отанын сүюге, елін қорғауға баулу тәрбие сағатының мақсаты болып табылады.

І - жүргізуші: Биыл тәуелсіздік туын көтеріп, керегемізді нықтағанымызға 21 жыл толып отыр. Осы мерекені Қазақстанның барлық халқымен бірге біздің лицей де тойлауда. Демократияны аңсаған жастардың ашық қарсылық көрсеткеніне, яғни желтоқсан көтерілісіне – 26 жыл толып отыр. Сол кезде Қазақстан тәуелсіздігі, егемендігі туралы тұңғыш айқын сөздер айтылды. Бұл оқиға одақтас республикалардағы демократиялық істің бастауы еді.

ІІ – жүргізуші: Алтын арай, таңғы жұпар самалдың – деп жырлай келе бостандықты аңсаған, Туған жеріне, қазақ еліне тәуелсіздігіне қол жету жолында құрбан болған Желтоқсан қаһармандарын еске алу кешіне қош келдіңіздер!!!
Хор «Әнұран»

І - жүргізуші: Тәуелсіздік түскен жоқ аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.

ІІ - жүргізуші: Өзіңдікі - елің де,
Өзіңдікі - жерің де,
Өзіңді - өзің еткен бақ,
Тәуелсіздік - төріңде.
Асқар тау да - сенікі,
Бақша - бау да - сенікі.
Қалтқысыз доспенен
Қатал жау да - сенікі.

І - жүргізуші: Қара мына ғажапқа,
Теңдік тиді қазаққа.
Езгідегі ұрпағың,
Енді айналмас мазаққа.

Хор «Желтоқсан желі»

1 – оқушы: Наргиза
Қыстырмады оны ешкім құлағына,
Қарамады көз жастың бұлауына
Темір жасақ тепкішін империя
Қантөгістің жол берді лаңына

Шаштан сүйрер жазықсыз бұрымдарды
Бет ауыздар бейнесіз жырымдалды
Көшелерге шығуға орын болмай
Түршіккенбіз көргенде қызыл қанды

Ұмыта алмас қазағым тылсыздарды
Тәуелсіздік табынар бүршік жарды
Желтоқсанның ызғары ай дірдектеткен
Еске алам мен кешегі қыршындарды.

2 – оқушы: Айдана
Жастық жырын желтоқсанда самғаттым
Бұлбұл құсым үнін асқақ сайраттың
Егеменді ел болып алдың бүгінде
Рухына бас иемін қайраттың

Қан төгілді қара жерге қаншама
Қайғылы жай белгісі ғой баршаңа
Егеменді ел болып алдың бүгінде
Қуанышым менің мәңгі тарқама

3 – оқушы: Дана
Желтоқсанда қар жайып тұр әдемі
Ақшақар бұл қыстың нағыз сәні еді
Туған жерге қонып жатыр үміттер
Сол үміттер жырға мені бөледі.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: (тәрбие, алауы, сағаты), Желтоқсан
Просмотров: 849 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar