Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Жеңіске жеткен ұлы күн
[ · Скачать удаленно () ] | 24.09.2015, 09:48 |
Тақырыбы: «Жеңіске жеткен ұлы күн» Мақсаты: Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен қазақстандықтардың ерлік істерімен, ой – өрістерін дамыту. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, елі үшін қиған ерлер өмірін дәріптеу. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар. Түрі: кездесу Жүрісі: Мұғалімнің кіріспе сөзі: Жер бетін тып – типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарын зұлмат – екінші дүниежүзілік соғыс 1941 жылы 22 маусымда басталды. Соғыс уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін ешқандай сынға берілмейтін азап. Адамзат жүрегіне айықпас жара салған екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, отты жылдардың елесі әлі күнге халық жүрегінен өшпейтіні белгілі. Өйткені, адамзаттың бүгінге дейінгі сапарындағы ең сұрапыл қырғын Ұлы Отан соғысы екені әлемге аян. Ұлы Отан соғысы ондағы жеңіс талай адамдардың тағдырын күрт өзгертті, талай жанның өмірін үзді. Ал енді бүгін 9 – мамыр күні бұл мейрамды бүгінгі майдангерлер – соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгілерін көрсеткендер, ал бүгінде бейбіт өмірге араласып жүрген Ұлы Отан соғысының ардагерлері тойлайды. 9 – мамыр фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиғагдарды еске алу күні. Бұл күні жеңімпаздардың олардың балаларының немерелерінің жүрегі мақтаныш сезіммен лүпілдей соғады. Өздеріңіз байқап отырған боларсыздар бүгінгі біздің әңгімеміз Ұлы Жеңіс туралы болмақ. Олай болса, Ұлы Отан соғысы туралы мәліметке кезек берейік 1 – оқушы: Сәрсенова Жансая 1941 жылдың 22 - маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына опасыздықпен басып кіргеніне биылғы жылы 72 жыл толмақ. 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты. Мұғалім: Жеңіс үшін өмірін жастық шағын қиған тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан – жылға, күннен – күнге азаюда, олардың тірі қалғандары арамызда жүріп жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай. Сондай сұрапыл соғыста періштесі қолдап елімізге аман – есен оралған қариямыз соғыс ардагері Бейнеу ауылының тұрғыны Дүйсенғали Көшеров бүгін бізде қонақта Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 602 | Загрузок: 302 | |
Всего комментариев: 0 | |