Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жасыл шырша жанында
24.09.2015, 14:42
Тәрбие сағаты
Жасыл шырша жанында
Сәлеметсіңдер ме, қымбатты балалар! Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
Біздің мектептегі Жаңа жылдық шыршаға қош келдіңіздер.
Бүгінгі шырша мерекесін көңілді өткізіп, жақсы әсер алып қайтуларыңызға тілектеспін.
Жақсы тақпақ, өлең айтқан балаларға Аяз ата сыйлық береді. Балалар сендер дайынсыңдар ма?
Олай болса:
Азаймасын ән мен жыр,
Балалар көңіл көтерсін
Құтты болсын келген жыл!
Бақыт, дәулет әкелсін!
Жаңа жыл құтты болсын!

1- оқушы:
Аппақ бүгін қыр, далам
Ақ дастарқан жапқандай
Халық біткен қарбалаң
Қонақ күтіп жатқандай
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.

2-оқушы:
Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін
Ортақ ойы, арманы
Жақсы дәстүр көбейсін
Оқ атпасын ешкім де
Өмір деген тым ыстық
Жұмыр жердің үстінде
Бұзылмасын тыныштық!

Хормен: « Бұзылмасын тыныштық!»
(шырша әуенімен барлық оқушыларды шырша жанына шақыру)
Ал, балалар, балалар. Ескі жылдай аға бар
Оны ортаға алайық, Қош айтысып қалайық.
(Ортаға ескі жыл шығып, басын иеді.)
Өткен жылға ырзамыз
Өсе түсті бойымыз.
Қандық талай сырға біз
Шарықтады ойымыз.
Жақсы жаңа жыл келді
Асқар таумен тұлғалас
Біз осылай жылда енді
Жоғарылайық бір класс.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: шырша, жасыл, жанында
Просмотров: 1952 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar