Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
24.09.2015, 13:45 | |
Тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету. Ата - анаға мейірімді, туған жерге, айналасындағы заттарға ұқыпты қарауға баулу. Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, мақал - мәтелдер. Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар бүгінгі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Балалар, бізге ақылдылықты, адалдықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты бізге үйрететін ата - анамыз, ата - бабамыз, ұстаздарымыз. Ең бірінші осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтінен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Балалар жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әрекеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болайық. Гимн: 1 - жүргізуші. Ата - ананың тілегі сенің жақсы адам, азамат болудың сенің еңбек сүйгіштігің. Ата - ана алдында шыншыл бол. Өзіңнен үлкеннің ақыл - кеңесін тыңда. Кішіге мейірімді, досыңа қайырымды бол. Балалар адам бойындағы қандай жақсы, жаман қасиеттерді білесіңдер? - Кәне барлығымыз өз білгенімізді қысылмай ортаға салайық. Жақсы қасиет ↓ Сәлем беру Әдепті болу жаман сөз айтпау Уәдесінде тұру Үлкенді сыйлау Жаман қасиет ↓ Ұрлық жасау Өтірік айту Уәдесінде тұрмау Жаман сөз айту Еріншектік Үлкенді сыйламау 2 - жүргізуші: Балалар әдептілікті өздерің түсінесіңдер. Ойларыңды ортаға салыңдар 1 - Оқушы Әсет Аулақ жүріп жаман қылық әдеттен Үйренеміз жақсы мінез әдеттен 1 - Жүргізуші Сыйлап үлкен ағаны Сәлем берген баланы Кім дейміз? Әдепті екен бұл дейміз. 2 - жүргізуші Кітап дәптер қаламы Кір шалмаған баланы Кім дейміз? Ұқыпты екен бұл дейміз. 1 - Жүргізуші Өтірік айтпаса Уәдесінен қайтпаса Кім дейміз? Шыншыл екен бұл дейміз. 2 - Жүргізуші Балалар ата - бабаларымыз әдептілік туралы қандай сөздер айтып кеткен? - Бүйрегіңді таянба! - Жалғыз ағашты кеспе! - Үйді айналып жүгірме! - Табаныңды тартпа! - Жағыңды таянба! - Нанды баспа, бір қолмен үзбе! Толық нұсқасын жүктеу Слайдын жүктеу | |
Просмотров: 834 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |