Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

ЖҚТБ - ғасыр дерті
24.09.2015, 11:36
ЖҚТБ - ғасыр дерті
Мақсаты: Оқушыларға ЖҚТБ - ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған
кеселдің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖҚТБ - ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.

АҚТҚ - адамның қорғаныш тапшылығьның қоздырғышы (АҚТҚ) (Ауру)
ЖҚТБ - жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (ЖҚТБ) (ӨЛІМ)
♦ Қан арқылы (тікелей қан құйғанда инелерді ауыстырмай бірігіп пайдаланғанда)

ЖҚТБ қандай жолмен жұғады?
♦ Ауру ананың сүті арқылы;
♦ Ауру әйелден туылған балаға;
♦ Жыныстық жолмен жақындасқанда бір адамнан екінші адамға жұғады.
Аурудан қалай сақтанған жөн?
♦ Шаныштыру кезінде ине пайдаланғанда;
♦ Қан құйғызғанда;
♦ Бейберекет жыныстық жолмен жақындыққа бармай, сақтанған дұрыс.

АҚТҚ тарау жолдары:
Құрамында АҚТ қоздырғышы бар қан арқылы:
Сондай қанды құйғанда;
Егу кезінде сондай қанмен ластанған шприцті пайдаланғанда;
Сондай қанмен ластанған басқа да өткір, теріні кесетін не тесетін құралдарды пайдаланғанда.

АҚТҚ - ны жұқтырып алған адам:
Алғашқыда аурудың белгілерін сезбейді;
Дені сау сияқты болады;
Өзінде бар қоздырғышты басқаларға жұқтыра алады;
2 - 10 жыл бойы сау болуы да мүмкін.

ЖҚТБ - ның басты ықтимал белгілері:
Дененің қызуы (бір айдан аса);
Жүдеп, салмақтың азаюы (дене салмағының 10%- нан аса);
Іштің өтуі (бір айдан аса)

ЖҚТБ толық жетілгенде:
Қоздырғыштар қатты көбейеді;
Қорғаныш жүйесі жойылады;
Адам ауыр науқастарға шалдығады;
Осы аурумен ауырады;
Ақырында адам қайтыс болады.

АҚТҚ қалай берілмейді?
o жөтеліп немесе түшкірген кезде ауамен;
o тамақ, су арқылы, қол алысқанда;
o тер немесе көздің жасы;
o жүзу бассейнінде, моншада;
o ыдыс - аяқ, төсек - орын, киім - кешек және аяқ киім арқылы;
o құшақтасу және сүйісу арқылы жақындасқанда;
o жәндіктер шаққанда т. б.

Денсаулық – шексіз бақыт, халқым менің
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа
Қолда барда біл оның қасиетін,
Күтіп, баптап, аяла әр уақытта

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ғасыр, дерті, ЖҚТБ
Просмотров: 1270 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar