Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Үздік жүргізуші, Үздік актер байқауы
24.09.2015, 15:20 | |
"Үздік жүргізуші","Үздік актер" байқауы 1 - жүргізуші: Қайырлы кеш қадірменді, көрермендер! 2 - жүргізуші: үргізуші: Армысыздар құрметті, қонақтар! 1 - жүргізуші: Тұнғыш президент күніне орай өтіп жатқан іс - шаралар жалғасын табуда. Бүгін біз "Үздік жүргізуші", Үздік актер" байқауларын өткіземіз. Бүгінгі сайыскерлеріміздің өнеріне әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырсақ: ----------------------------------------- 2 - жүргізуші: Олай болса, байқауымызды бастасақ. 1 - жүргізуші: Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы 2 - жүргізуші: Бөтен сөзбен былғанса сөз сарасы, ОЛ - ақынның білімсіз бишарасы. Айтушы мен тыңдаушы көбі - надан Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы - деген Абай атамыздың сөзіне сүйенсек, өлеңде үлкен өнердің бірі, олай болса,"үздік жүргізуші " байқауын бастасақ. 1 - жүргізуші: Алдымен байқаудың шарттарымен таныстырып өтсек: а. Сахнада өзін ұстауы ә. Сөйлеу мәнері б. Киім киісі, 7. Көрермендермен байланысы; в. Тақырыптардан ауытқымау; г. Айтылған ойдың бір арнаға тоғысуы. 2 - жүргізуші: Ортада 8 сынып оқушысы -------------------- "Сыр сұхбат" бағдарламасын жүргізбек. 1 - жүргізуші: Рахмет, Келесі 8 м сыныбы "Айгөлек" балалар мен жасөспірімдер байқауынан үзінді көрсетпек. Ендеше, ортада ---------------------------------- 2 - жүргізуші: Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы, Сонда да солардың бар таңдамасы. Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы? - деп кезекті 9 сыныпқа берсек. Ортада "Сөнбес сәуле" бағдарламасымен Манатова Аяулым. 1 - жүргізуші: Естідім де сөзін ана тілімнің, Бойым жылып лезде мен тірілдім. Балгер де емес, дәрігер де емес емдейтін, Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін. 2 - жүргізуші: Өзге бір тіл емдер басқаларыңды Мен онымен айта алмаймын әнімді Егер тілім ертең болса құрымақ Мен дайынмын өлуге де бүгін - ақ - өзінің ана тілінің қадір - қасиетін түсінген ақын сияқты біздің құрбыларымыз өз ана тілінде керемет сөйлеп, ұтымды ойларын жеткізіп жатқан сияқты, сіздер де байқап отырған шығарсыздар. 1 - жүргізуші: Олай болса ортада, 10 сынып оқушысы"Айтылмаған әңгіме" бағдарламасымен ------------------------------------ 2 - жүргізуші: Келесі сынып 10 ә сынып оқушысы "Айтуға оңай" бағдарламасымен ---------------------- 1 - жүргізуші: Бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. Келесі тапсырма: Мына жерден белгілі ақындардың өлеңдерін таңдап аласыздар. Сіздер өлеңді мәнерлеп оқып бересіздер. Дайындалуға 3 минут.(әннен шашу, кезекпен оқиды) 2 - жүргізуші: Келесі байқауымыз"Үздік актер" байқауын бастасақ. Алдымен байқауымыздың шарттарымен таныстырып өтсек. 1. Образға ену. 2. Дауыс ырғағы. 1 жүргізуші: 3. Сахнадағы еркіндік. 2 - жүргізуші: Көрерменге әсері. 1 - жүргізуші: Өзін - өзі ұстай білу мәдениеті 1 - жүргізуші: ортада 8 а сынып оқушысы ---------------------- 2 - жүргізуші: Рахмет, ортада 8 м сынып оқушысы 1 - жүргізуші: келесі сайыскеріміз 9 сыныптың оқушысы --------------------- 2 - жүргізуші: Ортада 10 а сынып оқушысы 1 - жүргізуші: Келесі актеріміз 10 ә сынып оқушысы ------------------------------ 2 - жүргізуші: Қазір барлық сайыскерлерімізді ортаға шақырсақ. Қазір сайыскерлеріміз дайындалған тапсырмаларды алып орындайды, дайындалуға 3 мин уақыт беріледі. (Муз. номер). 1 - жүргізуші: Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Қорытынды сөз кезегін мектеп директоры ----------------------- на береміз. Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін айтса | |
Просмотров: 707 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |