Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Заңды білу – заман талабы
[ · Скачать удаленно () ] 24.09.2015, 15:38
Заңды білу – заман талабы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың құқықтық мәдениеттілігін көтеру, өз құқығын білуге деген қызығушылығын арттыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, таңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту;
Тәрбиелік: Конституция т. б. құқықтық нормативтік актілерді құрметтей білуге үйрету, зиянды заттардан ( арақ, темекі, есірткіден ) аулақ болуға, салауатты өмір қалпына тәрбиелеу;

Сайыстың көрнекілігі: Қазақстан Конституциясы, Бала құқықтары туралы конвенция, интерактивті тахта арқылы слайдтар.
1. Ұйымдастыру: Екі топқа бөлінген оқушыларға сайыс мақсаты таныстырылады.
Мұғалім: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі сайысымыздың тақырыбы «Заңды білу – заман талабы»
«Заңды білу – заман талабы» тақырыбы аясындағы елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция – бұлда ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу біздің парызымыз» - деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақтылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Сондықтан, «Заңды білу – заман талабы»
Сайысқа қатысушылар: 9 сынып оқушылары,
Әділ қазылар алқасы:

Сайыс жоспары:
1 – кезең. Топ аты, топ ұраны, топ эмблемасы мен таныстыру; (әр топқа 2 минут)
2 – кезең. «Тікелей сұрақ» Әр топқа 10 сұрақтан беріледі, әр сұраққа 1 ұпай.
3 – кезең. «XXI ғасыр – жастар көшбасшысы»
4 – кезең. « Менің құқығым»
5 – кезең. « Жақсы бала – жаман бала»
6 – кезең. «Салауатты өмір салтын қолдаймыз!»

I кезең. Әр топ атын, ұранын, эмблемасын таныстырады. (10 ұпай )
II кезең. « Тікелей сұрақтар» әр топқа 10 сұрақ қойылады.
I топ сұрақтары:
1. Бала дегеніміз кім?
2. Қазақстанның тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 жыл 16 желтоқсан)
3. Республикалық басқару нешеге бөлінеді? (2 -ге парламенттік және президенттік)
4. Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тағайындаған және мемлекетте әрекет ететін құқық нормаларының жүйесі)
5.«Қасым ханның қасқа жолы» неше бөлімнен тұрады? (5 бөлім)
6. Қосарлы азаматтығы бар адам? (бипатрид)
7. Конституциялық Кеңес неше адамнан тұрады? (7 адамнан)
8. Конституция сөзінің аудармасы қандай? ( Құрылым)
9. Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады? (Бала туған кезден)
10. Заң бұзушылық деген не? (Конституцияда бекітілген заңға қайшы әрекет)

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: білу, талабы, заман, Заңды
Просмотров: 893 | Загрузок: 307 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar