Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қыз өссе елдің көркі
24.09.2015, 15:57
Сыныбы: 5
Мақсаты: Өзін-өзі таныстыра білу, мақал-мәтелдерді, өлеңдерді мәнерлеп оқу. Әдептілікке, сыпайылыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қиялын, тілін дамыту.
Көрнекілік: нақыл сөздер, үлестірмелі қиындылар, гүлдер, плакат, шарлар.
1-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, ұстаздар! «Қыз өссе елдің көркі» байқауына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Қырмызы қызыл гүлсіңдер ме екен,
Бақытты іздеп жүрсіңдер ме екен?
Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар,
Жұмбақ жансыңдар бір сыр бермеген.
Қызғалдақтарым, қарлығаштарым,
Жаза алмай жүрген жалын дастаным.
Жанартау болып жарылды кеудем,
Жүректің әлди әнін бастадым.

1-жүргізуші: Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын – бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер. Ендеше біз де өзіміздің сыныптас достарымызға лайықты ықылас – ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарды ортаға шақырайық.
Олай болса бүгін байқаудың кезеңдерімен таныс болыңыздар:
1. Таныстыру
2. Өнер көрсету
3. Он саусағынан өнер тамған
4. Сұрақ-жауап.
5. Тамақ әзірлеу
6. Шаш үлгісін жасау
7. Қорытынды
2-жүргізуші: Енді бүгінгі байқауымызға төрелік ететін әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейік:
1.
1-жүргізуші: Арулар келіп жетті танысуға
Сыпырды томағасын осы дуға
Ұшып келген қырандай керілтеді,
Әдеппен, ізетпен танысуға – деп олай болса байқауымыздың 1-ші кезеңі «Таныстыру». Арулар кезек-кезек өздерін таныстырады.
2-жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында. Кезекті өнер сайысына берейік.
(арулар өнерлерін көрсетеді)
1-жүргізуші: Келесі кезең «Он саусағынан өнер тамған». Арулар өздерінің үйден жасап келген қолөнерлерін көрсетеді.
2-жүргізуші: Енді ару қыздарымызға дәстүрге байланысты сұрақтар қоямыз.
1. Жүннен жасалған бұйым (Киіз)
2. Сәндік бұйым жасайтын адам? (Зергер)
3. Ұлыс күні жасалатын тағам? (Наурызкөже)
4. Түйенің сүті? (Шұбат)
5. Қыста жейтін малдың етін не деп атайды? (Соғым)
6. Қазақ қыздарының бас киімі (Сәукеле)
7. Екі ақынның сөз өнерімен сайысы (Айтыс)
8. Ең құрметті, қасиетті, жанашыр адам (Ана)
9. Теріден тігілген киім (Тон)
10. Жылқы атасы (Қамбар ата)
11. Қыс қолайсыз болып малдардың жаппай қырылуы (Жұт)
12. Төрт түліктің жайылымы (Өріс)

1-жүргізуші: Ендігі кезеңде аруларымыз үйден дайындап келген ас мәзірін көрсетеді.
2-жүргізуші: Байқауымыздың соңғы кезеңі ару қыздарымыз шаш үлгісін жасайды.
1-жүргізуші: Бұл байқауымыздың соңғы кезеңі еді. Енді әділ-қазылар алқасы қорытындылайды.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: өссе, Қыз, көркі, елдің
Просмотров: 1199 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar