Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Туған жердің киесі
24.09.2015, 15:59
Тақырыбы: Туған жердің киесі
Мақсаты: Жас ұрпақты отаншылдыққа, ұлт жандылыққа, туған жеріне, ата-мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға дұрыс бағыт беру. Өз ауылын қадірлеуге үйрету.
Бүгін біздің сынып сағатымыздың тақырыбы «Туған жердің киесі»
Кіріспе сөз
Туған жердің көгілдір аспаны сенің кеуден секілді. Сол аспанның төсінде түнде жарқырап тұрған жұлдыздар сенің көздерің секілді. Туған жердің жарық күнімен алысқа қарайсын. Туған ел - бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары осының бәрі сенің туған еліңді құрайды.

1 оқушы:
Пай! пай! пай! киелі неткен жер
Батырлар дүрілдеп өткен жер
Тұлпарлар дүбірлеп төккен жер
Ғашықтар бір - бірін өпкен жер
Сарылып сал - сері кеткен жер
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер.

2 оқушы:
Туған жер ата - анаң
Отаным деп атаған
Отан досың туысың
Отан алтын босағаң

3 оқушы:
Сүйемін туған елімді
Сүйемін туған жерімді
Сүйемін тасың ауасын
Сүйемін ауыл даласын.

4 оқушы:
Шақырады ойнасақ гүл даламыз
Туған жерден нәр алып нұрланамыз
Болашаққа көк тумен желбіреген
Отанымның мақтанышы біз боламыз

5 оқушы:
Туған жер - алтын бесігім,
Тербеттің мені төсімде
Киелі сенің есімің
Жүреді мәңгі есімде

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: киесі, Жердің, Туған
Просмотров: 884 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar