Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Тілім менің – тірлігім менің
24.09.2015, 10:35 | |
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева “Тілім менің – тірлігім менің” ашық журнал Мақсаты: Ана тілін терең меңгеруге құштарлықтарын ояту; Ана тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу көрнекілігі: слайдтар, плакатқа жазылған ұлағатты сөздер, шар, компьютер, презентация, ақын жазушылар портреті Мұғалім: Құрметті достар, ұстаздар! Сіздерді Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесімен құттықтаймын. Тілім менің - болашақтың бастауы, Тілім менің - жүрегімнің қалауы. Тіл дегенің асыл дүние ардағым, Тек бағалай білсең ғана болғаны. Тілім менің-өмірдегі ырысым, Тілім менің-қазба байлық мырышым. Тілім менің-ол қатынас құралым, Тілім менің- ол сарқылмас бұлағым. 1-жүргізуші: Қыркүйектің 22-сі Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні болып жариялануы аса маңызды әлеуметтік қадам.Ол ең алдымен тілге, сол арқылы жасалатын мәдениет пен өнерге деген қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілуі тиіс ілтипаттың бір өнегесі. 2-жүргізуші: Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орын алған бұл ұлт тілдеріне құрмет көрсетілетін мейрам. Адамның жас күнінен ата-анасына айналасындағы ересектерге басында еліктеу арқылы үйреніп, кейін табиғи түрде бірте-бірте еселене отырып, қоғамдық тұрмыста өзгелермен өмір бойы ұғынысатын негізгі қатынас құралы, туған халқының тілі-ана тілі. 1-жүргізуші: Ана тілі халықтың жазуы жоқ кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған.Ана тілі халық өсіп, өркендесе дамиды да, халық жоғалса құриды. 1-оқушы:Ойымды Ана тілмен оюлаймын, Жүректе Ана тілсіз, қоюлар мұң. Құдіретті тілімнің арқасында, ешқашан, жер бетінен, жойылмаймын. 2-оқушы: Ар тұтып ардақтаған азаматын, Бар ойын, ана тілмен жазды ақын. Салт –сана, ана тілден айырғанда, Жоюға жанталасты-ау, қазақ ақын... 3-оқушы Сезімнің тілмен төгіп кестелерін, Ғасырдан ғасырларға көшті өнерім. Ұлтымның ана тілі ғой, Ар таңбасы, Тіл өшпесе, менің де өшпегенім! Презентацияны жүктеу | |
Просмотров: 542 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |