Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тіл - ұлттың жаны
24.09.2015, 14:11
Тақырыбы: Тіл - ұлттың жаны.
Мақсаты: Қызыл тілдің құдіреттілігін, халықтың рухани кәусар бұлағы – көркем сөздің қуатты күшін, мәнін, дәрежесін, байлығын түсіндіру.
Оқушылардың интеллектуалдық ой - өрісін, білім деңгейін көтеру, танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізуде сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне, тіліне, тарихына сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке, патриоттық сезімге баулу, тәрбиелеу.

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді келе жатқан Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесімен құттықтаймыз. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпыхалықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілетін зор құрмет.
2 - жүргізуші: 1989жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қабылданды. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.

Армысың ардақты анам - қазақ тілім,
Бір өзіңнен тараған өнер - білім.
Құтты болсын, бүгінгі тіл мейрамы
Жарқын болсын әрқашан келер күнің.

Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.

Қазақ тілім - саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім - анам тілім, ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,
Жан сырларым, тілегім, бар арманым.

Туған тілім — бабам тілі, өз тілім,
Туған тілім — анам тілі, өз тілім.
Туған тілім — далам тілі, өз тілім,
Туған тілім — адам тілі, өз тілім.

Ойын барысы:
Ұйымдастыру.
1 - кезең «Кім жылдам?» сыныпты 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау және ат қою, әр топқа 10 сұрақтан қою.

1 - топ: «Білімділер»
1. Әліпбидегі 10 - шы дыбыс қандай дыбыс?(Ж)
2. Сөз таптары нешеу?(9)
3. Қосымша нешеге бөлінеді?(2 жұрнақ, жалғау)
4. Жалқы есімдер қалай жазылады? (Бас әріппен)
5. Сын есімнің сұрақтары?(қандай? қай?)
6. Сөздің одан әрі бөлінбейтін, мағыналы бөлігі(түбір)
7. Ас сөзіне жуық мәндес сөздерді ата(дәм, тамақ)
8. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс(у)
9. Жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлем?(сұраулы)
10. Көзқарас қандай сөз?(біріккен)

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жаны, тіл, Ұлттың
Просмотров: 2288 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar