Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Тайм-менеджмент уақытты тиімді пайдалану
24.09.2015, 10:57
Мақсаты: Оқушылардың болашақ өмірден өз жолдарын дұрыс таба білуі үшін алдына мақсат қойып, жоспар құра білуге үйрету, белгілі бір мамандық иесі болу үшін талмай еңбектеніп, белгілі бір жетістікке жету үшін уақытты тиімді пайдалана білу керектігін түсіндіру. Осы тақырыпта бойынша білімдерін жетілдіріп, ой пікірлерін дамыту ұлы адамдардың даналық сөздері арқылы ойлау қабілеттерін дамыту және адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тренинг
Көрнекіліктер: музыка, слайд, интерактивті тақтаға екі тілде жазылған даналық сөздер:
Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?
(АБАЙ. Он бесінші қара сөз)
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үмбетіне екі нәрсенің қадірін білуге шақырды. Оның бірі – денсаулық, екіншісі – уақыт. Уақыт – өмір, өмір – қамшының сабы»
Құран хадистері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сергіту жаттығуы: «Мамандықты тап» (ойын)
Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.
Хирург
Хатшы
Кітапханашы
Банк қызметкері
Сатушы
Мұғалім
Бухгалтер
Слесарь
Жүргізуші

ІІ.Негізгі бөлім: Тренинг «Тайм менеджмент – уақытты тиімді пайдалану»
Алдымен тайм менеджмент туралы қысқаша түсіндіру.
Тайм менеджмент - бұл уақытты басқару тәсілдері мен әдістерін зерттейтін менеджмент саласы.
Уақыт – біздің өміріміз. Ендеше оны қалай пайдаланып жүрміз. Адамның өмірінде оның уақытын ұрлайтын пайдасыз нәрселер көп. Уақытты дұрыс пайдалана білмегендіктен де ісіміз қордаланып жатыр. Қазіргі таңда уақытты тиімді пайдалануды «тайм-менеджмент» деп атап жүр. Оның мәні – уақытты тиімді пайдалану.

Тренинг шарты: ақ қағазға төрт бағана сызу керек. Олар:
• атқарылатын шаруалардың тізімі (ең маңыздылары)
• атқарылар шаруалардың аттары
• орындалуы (егер орындалса – қосу белгісін, орындалмаса – алу белгісін қоямыз).
• шаруалардың орындалу барысы туралы мәліметтер,

Бұл жерде ескеретін мәселе: жеке күнделікте таяу арада атқарылуға тиіс шаруалардың есебін жүргізу. Бұл оларды уақыты келгенде ұмытпай күндік жоспарға енгізу.
Оқушылар тренинг кезінде қандай қиындықтар туғанын және бұл тренингтің тиімділігі туралы рефлекция жасайды.
- Атқарылатын істің көптігі және барлығының маңыздылығы қиындық туғызды.
- Бұл тренингтің тиімділігі істі жоспарлай білуге және уақытты үнемдеуге, уақытында орындалуына мүмкіндік береді.
- Әрбір істі өз уақытында орындауға бар күшті салу керектігін түсіндім.
ІV. Топпен жұмыс. Уақытты тиімді пайдалану үшін қандай қағидалар ойлап табуға болады болады? (Оқушылар өздері құрастырады).
• Өз уақытында істелмеген жұмыс адамды беймазалыққа салып қана қоймай, келесі істерге тиесілі уақытты жеп, олардың барлығына кесірін тигізеді, сондықтан әр істі жоспарлы түрде уақытымен істеуге тырысуымыз керек.
• Мақсат пен бағдарды айқындау кезінде ұстанатын басты талап жоспардан ауытқымауымыз керек.
• Жоспарды дұрыс құра білуіміз керек. (Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді)
• Істердің орындалу басымдылығына байланысты ережелер Олар:
- Маңызды әрі шұғыл
- Маңызды, бірақ шұғыл емес
- Шұғыл, бірақ маңызды емес
- Шұғыл да, маңызды да емес
Осы принциптер бойынша атқарылатын шаруаларды жоспарға бөліп-бөліп енгіземіз.
• Жоспарланған істерді атқару барысындағы ең басты қағида – жоспардан мейлінше ауытқымау.

V. Рефлекция. Оқушылар жалпы бүгінгі тақырыптың маңыздылығы туралы, не білгендері жөнінде қысқаша өз ойларын айтып сабақты қорытындылайды.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ПАЙДАЛАНУ, тиімді, уақытты, тайм-менеджмент
Просмотров: 1632 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar