Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Табиғатты аялайық
24.09.2015, 14:45
Тәрбие сағатының тақырыбы: Табиғатты аялайық

Мақсаты:
а) оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру.
б) Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, экологиялық нашар аймақтармен таныстыру.
в) табиғатты қорғай білуге, аялауға үйрету.

Көрнекілігі:
1. Қазақстанның картасы. Қызыл дөңгелекшелер
2. Табиғат көріністерінен стенд.
3. Табиғат туралы қанатты сөздер.
4. «Саржайлау», «Туған жер», «Аққу», «Айгөлек» әндері.
5. Газет – журналдардан мақалалар, суреттер.
6. Альбомдар: «Менің Қазақстаным», «Қазақстанның жануарлары», «Қазақстанның өсімдіктері, қорықтар» альбомдары.

Барысы:
1. Кіріспе.
2. Әдеби монтаж.
3. Мақал - мәтелдер, жұмбақтар.

Қазақстанның орны туралы:
Батыстағы толқындаған Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан батыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь-Шань тауларына дейін ұлан-ғайыр жерді алып жатқан, тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы.
1 - оқушы:
Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалқып.
Құшақтап бір өзіңді туған далам.
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
2 - оқушы:
Тасып жатқан өзендер жағасынан,
Сары белде сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге,
Қазақтың қасиетті даласынан.

1 - бастаушы: Туған жер, өскен ел – жүрекке жылы сөздердің бәрі де «Табиғат» деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстанның табиғаты көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.

2 - бастаушы: Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірмін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана.

3 - оқушы:
Туған жер – алтын бесік, асыл анам,
Ауаңмен, ақ сүтіңмен асыраған.
Мен – дағы ұлың едім өзің тектес,
Алысқа несібесі шашыраған.

4 - оқушы::
Табиғат қызығам сан суретіңе,
Бас ием сенің алып құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы тіршіліктің күн бетіне.

І – бастаушы: Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат, шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.

ІІ – бастаушы: Қазақстанның қойнауында пайдалы қазбалар өте көп. «Жері байдың – елі бай» деп тегін айтпаған. Көмір, мыс, алтынның қорымен есептеледі.
І - бастаушы: Табиғаттың басты байлығы – Жер. Қазақстан 272 миллион га жерді алып жатыр, 222 миллион га ауылшаруашылығына жарамды жерлер. «Күте білсең – Жер жомарт» деген халықтың дана сөздері бекер айтылмаған.

5 - оқушы:
Топырақтан өмір иісі шығады,
Оны денең тиіп кетсе ұғады,
Еңбегіңді есесінен беретін,
Жақсылықта топырақтан шығады.

ІІ - бастаушы: Табиғат байлығының бір тобы Жер бетінің сәулеті. Еліміздің дәулеті – жасыл әлем. Орман, тоғай, жасыл шөп, түкті кілемдей көмкерген даласы бар, жайлауы бар біздің ел.

І - бастаушы: Тіршілік атауының өмірлік өзені, аңсар арманы – таза ауа.

6 - оқушы:
Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат!
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал, адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

7 - оқушы:
Бола алмас аспан ұя зауалына,
Жауларды тартар уақыт жауабына.
Бомбасын жер мен суда сынатпаймыз,
Улауға жол бермейміз ауаны да.

І – бастаушы: Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су.

ІІ бастаушы: Табиғаттың тамаша туындыларының бірі – хайуанаттар. Халқымыз ежелден – ақ көптеген жануарларды аялап, қамқорлыққа алған. Оларды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы деп дәріптеген.
Олар далаға ажар берген – ақбөкен, ән мен сәннің иесі – бұлбұл, су аруы – аққу, Алтайдың ерке маралы, т. б.

Бекіту: Табиғатты қалай қорғаймыз?
Біздің қандай үлесіміз бар?
Туған жер туралы мақал – мәтелдер мен жұмбақтар
Мақал – мәтелдер.
1. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
2. Ел іші – алтын бесік.
3. Ел – елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.

Жұмбақтар.
1. Бар ма, жоқ па – оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
(Ауа).
2. Жылт – жылт еткен,
Жырадан өткен.
(Су).
3. Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді,
Қара шапан үстінен алты ай бойы түспейді.
(Қара жер мен қар).
4. Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап.
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап.
(Ағаш).
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: аялайық, табиғатты
Просмотров: 1396 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar