Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Тәуелсіздік тұғыры биікте
24.09.2015, 13:15 | |
16 желтоқсанға орай желтоқсан құрбандарын еске алу. Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры биікте» Мақсаты: Оқушылардың қабілеттерін, білімдерін салыстыра отырып тәуелсіздіктің қиын - қыстау кездерін еске түсіру арқылы елін, жерін, отанын сүюге тәрбиелеу. Түрі: Көрініс Көрнекілік: Слайдтар, плакаттар. т. б. Ұйымдастыру: Сәлеметсіздер ме қадірлі көрермен қауым ата - аналар. Сіздердің алдарыңызда 2 «А»сынып оқушыларының тәуелсіздік тұғырына қалай қол жеткізгеніміз туралы көріп тамашалайсыздар. Көшпенділер слайды: Тақпақ: І - оқушы: Абылай замананы батырлар заманы Найзаның ұшымен қылыштың жүзіммен қасық қаны тамғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама? ІІ - оқушы: Тарихым жатыр тасымда, Тіл қатып келер ғасырда, Азаттық дейтін ұғымның, Желтоқсан тұр басында. ІІІ - оқушы: Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін Кімдер бас тігіп құрбан болмады. І - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? Қадірлі көрермендер,Сіздермен бірге желтоқсан оқиғасының куәгері Күзембаев Қайырғали аға. - Иә аға бұл күнге жету үшін ата - бабаларымыз қаны мен жанын берген. 200 Жыл бұрын патшалы Ресейдің құрамында болдық. 70 жыл бойы әміршіл - әкімшіл үкімет үстемдік етті. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылды еске түсіріп көрейікші. Көрініс: Қолдарында «Қазақстан жасасын!», «Әр Республикаға - өз басшы!», «Дербестік талап етеміз!»- деген ұрандары бар плакаттары. Дыбыстар: Естідіңдер ме?.. Бұл не масқара..., Неге халықпен санаспайды..., Қашанғы шыдаймыз... Ербол Спатаев: Демократияны бұғаудан шығарып босатыңдар, әр елге өз басшысы керек. Ләззат: Сүймейтұғын болдық қой күймей ғұмыр. Көленке күннен де тимейді нұр, Колбин деген кім қайдан келген - Уа сыртымыздан қашанғы билейді бұл? Тақпақ: ІҮ - оқушы: Қаһарман қыз – Ләззат қыз Ү - оқушы: Тапталмасын деп қазақтың кек, ары, Тәуелсіздік туын ұстап жоғары, Топты бастап шықты Ләззат алаңға, Толған еді он алтыға не бары. ҮІ - оқушы: Азаптады қарақшылар қан құйлы, Қазақ қыздар қорлық көрді сан қырлы, Арпалысып теңдігі үшін қазақтың, Батыр Ләззат желтоқсанда жан қиды. ҮІІ - оқушы: Ел үшін ерлігімен елеке, Абырой мен атағына бөлене, Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман, Ұрпағына болар мәңгі өнеге. ҮІІІ - оқушы: Қаһарман қыз ғажап қыз, Ұрандады Ләззат қыз, Біз қазақпыз қазақпыз! Өмір керек азапсыз, Ел боламыз егемен, Сонда ғана азатпыз. Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 887 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |