Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Тәуелсіздік – тұғыры
24.09.2015, 09:45 | |
Тәуелсіздік – тұғыры Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды желтоқсан құрбандарымен таныстыру, желтоқсанға қатысқан аға – апайлардың ерлігі туралы айту. Еліміздің тарихы туралы түсінік беру. 2. 1986 жылы 16 желтоқсанда ел азаттығы жолында құрбан болған ұл – қыздарымыздың ерліктерін еске алу, есте сақтау қаблеттерін арттыру. 3. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету, туған елге деген сүйіспеншілігің арттыру. Сабақтың көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреті, мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, Қазақстан рәміздерінің суреті. Тәрбие сағатының барысы: І. Кіріспе. Біз қазақ мал баққан елміз. Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт береке кетпесін деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз. Дәм – тұзды ақтай білген елміз. Асқақтаған хан болса, Хан ордасын таптай білген елміз! - Құрметті мұғалімдер, оқушылар сендерді келе жатқан еліміздің тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Бүгін тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тұғыры» - атты тәрбие сағатымызды бастайық. - Ел үшін, жер үшін, болашақ үшін қан төгіп, күрескен ата - бабаларымыздың арманы міне, бүгін орындалып жатыр. Ата - бабаларымыздың болашақ ұрпақ сендер үшін қан төккен ерлігінен бастап, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасымен жалғасын тапты. - Балалар сендер «Желтоқсан» деген сөзді естігенде ойларына не келеді? (Шеру, Қазақстан, милиция, мұз, 1986ж. Желтоқсан алаң, Қайрат Рысқұлбеков, Тәуелсіздік, қару, жастар) - 1986 жылы 16 желтоқсанда бүкіл қазақ жастары өз елінің тәуелсіздігің талап етіп алаңға шықты, олар еліккеннен, еріккеннен шыққан жоқ, алдына мақсат қойып шықты. Шеруге шыққан жастарға «бұзақылар, нашақорлар, ұлтжандар» - деген кінә тағылды. Көп деген жастар – студенттер оқу орнынан шығарылды. Қайсарлықпен ерлік көрсетіп, бостандық үшін өмірден жап – жас қыз – жігіттер құрбан болды. Бұл оқиғаның алғашқы құрбандары: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сапатаев осы кісілердің рухына тағзым ету парызбыз. Осы батыр кісілердің рухын еске алып 1 – минут үнсіздік жариялайық. Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 582 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |