Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
24.09.2015, 09:30 | |
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тарихын түсіндіру, халқы үшін, жері үшін құрбан болған батырлардың ерлігін дәріптеу, оқушыларды елін, туған жерін, халқын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Желтоқсан желі», «Желтоқсан туралы слайд», суреттер. Барысы. «Әнұран» орындалады. Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! «Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! 1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бір дүниені дүр сілкіндірген, Тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 - желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Желтоқсанның ызғарындағы боздақтардың рухын еске алып бір сәт үнсіздік жариялаймыз....... 2 - жүргізуші: Желтоқсан бастауы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың белгісі. 1 - жүргізуші: 1986 жылдың желтоқсанындағы оқиғаға 26 жыл толыпты. Ол ендігі жерде қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. 2 - жүргізуші: Тарих - бұрмалап бопсаласаң шырылдап жылайтын, обал сауабы өте ауыр ақиқат. 1 - жүргізуші: Әлемді дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ жерінде ұлттық сана - сезімін өз халқының намысын, ар - абройымен байланыстырылған жаңа буын өсіп шыққанын көрсетті. 1 - оқушы. Желтоқсан айы естесің Дауыл боп бұрқап ескенсің Азаттық күйі қашаннан Көкейін елдің тескенсің «6ә» Айдана2 - оқушы. Шектеліп ана тіліміз, Оқылмай өлең - жырымыз, Жабылып жатса мектептер, Жадырар қалай күйіміз? 3 - оқушы. Тарылып жатса даламыз, Қайтып біз тыныс аламыз? Қақымыз жоқ айтуға, Әділет қайдан табамыз? 4 - оқушы. Бұрқ етті қазақ баласы, Кеудеде өршіп наласы Алаңға қарай ағылды Таусылып барлық шарасы. Жібердік еркін ат басын Қиянат жанға батқансын. Тоқырау тауын күйреттік, Деп «Теңдік күні батпасын» Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 724 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |