Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Төрлет, құтты, Жаңа жыл!
24.09.2015, 10:01 | |
Төрлет, Құтты Жаңа жыл! Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп. жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру. Барысы: Екі жүргізуші ортаға шығады. 1 - жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар! 2 - жүргізуші: Бармысыздар замандас бауырлар, шабытты шәкірттер! 1 - жүргізуші: Бүгін бізге жырдан алқа тағайын, Шат күлкіге толы болсын маңайын. Көргендер де, көрмегенде арманда Жаңа жылың құтты болсын ағайын! 2 – жүргізуші Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын, Ай жүзіндей айшықтанып арайың. Жанға шуақ, бойға қуат әкелген, Жаңа жылың құтты болсын ағайын! 1 - жүргізуші: Элеонора байқаймысың, бұл кеште біздің сыныптас достарымыз көрінбейді гой. Мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен? 2 – жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар. Қане ашып көрелік. Әлішер, қане сен ашып көр. Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып тұрмын. 1 - жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1.. 2.. 3 дегенде екі қаптың аузын бірге ашайық. 2 – жүргізуші Жарайды, мен келістім. Ендеше бастасақ, бастайық. (қаптың аузын ашқанда клоундар атып шығады) Клоун1: Сәлем саған, туған ел! Клоун2: Сәлем, сәлем достар! Ой, ой, ой біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Көп соза бермейік. Достарымызда ертіп келейік қане?! Клоун1: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Ертсек, ертіп келейік. (клоундар шығып кетеді, сыныптағылар келеді) Музыка ойнайды (оқушылар шыршаны айналып «Жаңа жыл» әнін орындайды). 1 - жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық. 2 – жүргізуші Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! Ән:_____________________________ 1 - жүргізуші: Армысың, аманбысың, Жаңа жырым, Жаңа жылым! О менің Жаңға жылым! Ұлу жылы келгенде, сый ғып тартып, Ақтарайық әнменен көңіл сырын – дей келе жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, мектеп директоры ______________ ағайға береміз. Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 849 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |