Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Тәрбие сағаттары топтамасы
24.09.2015, 09:31 | |
Топтамадағы тәрбие сағаттар тізімі: 1. Жирен жаман әдеттен (ашық тәрбие сағаты) 2. Зиянды әдеттерден сақтанайық 3. Басты бағдар – құқықтық сауаттылық Мақсаты: • Салауатты өмір салтын түсінуге, оны қалыптастыруға көмектесу; • Темекі тарту мен ішімдік ішудің алдын алу; • Психологиялық қиындықтармен, өмірде кездесетін күрделі жағдайлармен күресе алатын, өз бетінше шешім қабылдай алатын психикасы дұрыс тұлға, азамат қалыптастыру; Жауапкершілік сезімге тәрбиелеу, сайыста жеңіп шығуға талпындыру. Салауатты өмір салтын сақтарсың, Егеменді ел сенімін ақтарсың. Ізгі жанды, текті ұрпақты баптарсың. Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Маскүнемдік, темекі тарту - әлеуметтік, медициналық мәселе» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Сайыс кезеңдері: 1 - кезең. Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру. 2 - кезең. Көкпар. 3 - кезең. Кестені толтыру. 4 - кезен. Шешендер сайысы. 5 - кезең. Сергіту сәті. 6 - кезең. Кім зерек? Сұрақ - жауап. Сайыстың сарапшылары әділқазылар алқасымен таныстырып өтсек. Жасөспірімдердің темекі тарту мен ішімдік ішуінің себептері: • Қызығушылық; • Топтан бөлінбеу; • Өз - өзіне сенімді болу; • Кино, жарнама, теледидар әсері; • Уақыттың бостығы; • Өз - өзін жеңе алмау. Темекі тартудан туындайтын аурулар: Туберкулез Созылмалы бронхит, Өкпе мен көмейдің ісік ауруы, Тамырдың тарылуы, инфаркт, Пародонтоз, Созылмалы гастрит, асқазан мен ішектің жарасы. Жүйке жүйесінің шаршауы. Алкоголь ішімдігін ішуден пайда болатын аурулар: Есту қабілеті төмендеп, ми жасушалары зақымданады. Жүрек, қан аурулары, инфаркт Гепатит, цирроз, гастрит Адам тез қартаяды. 1 - кезең Жұмбақтар тақырыбының сұрақтары: 10 ұпай - Түтін болып кіреді, Күркіл болып жүреді (темекі) 20 ұпай - Ұзын мұртты сарылар, Қойнында наны бар. (бидай) 30 ұпай - Сырты жаман, іші жын, Абыройын түсіреді кісінің. (арақ) 40 ұпай - Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. (жуа) 50 ұпай - Бұл өсімдік суыққа қарсы, аурудың алдын алуға жақсы көмектеседі, исі өткір. (пияз бен сарымсақ) Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 837 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |