Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Сен білесің бе? (танымдық сайыс)
24.09.2015, 10:56 | |
3 сыныптар арасында Сен білесің бе? атты танымдық сайыс Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Міндеттері: Топтық жұмыстар арқылы ынтымақтаса жұмыс жасауға үйрету. Патриоттық тәрбиеге баули отырып, өз Отанын сүюге, өз елінің азаматы болуға тәрбиелеу. Жұмыс түрі: топтық сайыс Құралдар: интерактивті тақта, керекті слайдтар, ойын шарттары Жүру барысы: 1. Ұйымдастыру Әр сыныптан 2 қыз, 2 ұл, барлығы төрт сыныптан 16 оқушы сайысқа қатысады. Олар қайтадан араласып 4 топқа жетекшілерімен бірге топтасады. 1-топ Қызыл түсті балақайлар Жетекшісі: Қойшыбаева Х. О. (4 оқушы) 2- топ Жасыл түсті балақайлар Жетекшісі: Закариева Ж. Б. (4 оқушы) 3- топ Сары түсті балақайлар Жетекшісі: Келдібаева В (4 оқушы) 4 -топ Көк түсті балақайлар Жетекшісі: Жексемалиева А. Ғ. (4 оқушы) 1-аялдама ЕРЕКШЕ САНДАР Осы сандар қандай күнмен, оқиғамен байланысты екенін толықтырып айту. 1997, 15, 1, 9, 8, 1993, 1995, 25, 2012, 1991, 1992, 22, 16, 70, 1986, 2- аялдама: БІРГЕ ОЙЛАЙЫҚ Әр топқа белгілі ақын – жазушылардың өлеңдерінің соңғы екі жолы оқылады. Бастапқы екі жолын тауып айту керек. Сонымен бірге өлеңнің авторы, тақырыбы бірге айтылады. 1 -топ: Тілегенің алдыңнан Іздемей – ақ табылар... 2- топ: Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! 3 -топ: Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. 4 -топ: Өзінің де өзгенің Баласы – оның баласы. 3- аялдама: ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ Тілсіз ой болуы мүмкін емес. Халқымыз өз ойларын дана сөздер арқылы ұрпақтарына мұра етіп қалдырған. Қай топ жаңылмай көп мақал айтса, сол топ жеңеді. 4 -аялдама ЖОРҒА САЙЫС Бір минут ішінде әр топ пәндер бойынша қойылған сұраққа тез жауап беруі керек. 5- аялдама: БАСҚАТЫРҒЫ ьториқазлооақспавтанждшмефыніңаывотшгешанячсымжщ Берілген дыбыстардан сөйлем құру. ҚАЗАҚСТАН - МЕНІҢ ОТАНЫМ 6 -аялдама: ЖҮРЕКТЕН – ЖҮРЕККЕ Оқушылар шеңбер жасап, бір-біріне тілек жолдайды.. Сіздерге табыс тілеймін, Жарық пен жылу, денсаулық! Біріңе – бірің сендер де, Тілеңдер біраз жақсылық. | |
Просмотров: 1118 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |