Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Салтын сүйген - халқын сүйер
24.09.2015, 09:32 | |
Сабақтың тақырыбы: «Салтын сүйген - халқын сүйер» 2 - сынып (презентациясымен) Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет ғұрпын, салт - дәстүрін, мәдени мұрасын, оқушылар бойына дарытып, теориялық білімдерінің жүзінде ұштастыра отырып, ата - аналар тәжірибесінің ең жақсы үлгілеріне, имандылыққа, еңбекшілдік және адамгершілік рухында тәрбиелеу. Оқушылар бойына рухани байлығын сіңірту, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, ұлттық салт - дәстүр үлгісінде тәрбиелеу. Көрнекілігі: Түрлі - түсті шарлармен безендіріледі. Сабақтың көрнекілігі: Қазақ ауылының көрінісі бейнеленген сюжетті суреттер. Нақыл сөздер. Сабақтың түрі: Саяхат сабақ Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап. Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих. Сабақтың барысы: І. Кіріспе бөлім. а) Ұйымдастыру кезеңі. ә) Оқушыларды түгелдеу б) Сабаққа дайындығын қадағалау. ІІ. Негізгі бөлім. а). Жүргізуші сөзі ә). Оқушылардан сал – дәстүр, әдет – ғұрып туралы білімдерін тереңдету үшін ойын арқылы сұраққа жауап беру. б). Саяхатқа шығу. Киіз үйдегі сұрақтарға жауап беру арқылы жылжып жүреді. Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 1 - сыныптың ұйымдастыруымен өткізілгелі тұрған «Салтын сүйген - халқын сүйер» тақырыбындағы тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. 1 - жүргізуші: Ассалаумағалейкүм, халқым менің, Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім. Мереке басы болған берекенің, Игі еңбектің жемісін бәрін жегін. 2 - жүргізуші: Сәлем, анам, алтын күн, Сәлем, қарты халқымның! Уақытыма риза бол, Бақытыма шалқыдым. Ашық болсын күніміз, Ашылады нұрымыз. Бай тұлғалы өңірде Айтылады жырымыз. 1 - жүргізуші: Туғаннан соң адам боп, Білімсізден жаман жоқ. Ел дәстүрін білмесең, Жұрт айтады надан деп. Ата - бабаң ардақты, Жамандыққа бармапты. Ардақ тұтып үлкенді, Ата жолын жалғапты. 2 - жүргізуші: Бауырласқан тәніміз, Бұзылмаған салтымыз, Кең даланың ежелгі Қазақ деген халқымыз. Өзге ұлттай біздің де Бар дәстүр мен салтымыз. Мұғалім: Оқушылар топқа бөлініп өз - өздерін таныстырып жіберсін. Жігіттер: 1. Ашық маңдай, тана көзді, Неткен мәнді айтқан сөзі Сұлу қыздар, ару қыздар Қ/сы: Қыздар, қыздар сұлу қыздар Неткен ғажап сұлусыңдар Қыздар, қыздар, ару қыздар Қыздар: 1. Сегіз қырлы, алтын сырлы Жігіттердің сұлтандары Батырлары, алғырлары Қ/сы: Күш, қайраты бойларында Жақсы істер ойларында Сұлтан жігіт, сұлтан жігіт Жігіттер: 2. Ұстаздың әрбір айтқан алтын сөзі Жүректі жарып шыққан білім көзі Сыныптың қыздарынан жігіті аз Болса да жұлдыз болып тұр ғой өзі, тұр ғой өзі Қ/сы: Еркемай, Көркемай Ферузай, Гүлжайнай Дана менен Ұлданай Ақжайық пен Гүлшат ай Жанерке мен Гүлден ай Нұрайменен Мереке ай Ақниетпен Сәулем ай Анаргүлім тағы бар Бәрінің де сәні бар Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 1349 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |