Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Құс мерекесі
24.09.2015, 14:02 | |
Тақырыбы: Құс мерекесі Түрі: сайыс Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әлем құстарымен таныстыру. Оқушылардың құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу. Көрнекілігі: Альбомдар, суреттер, плакаттар, эмблема, көрме. Жүрісі: I. Ұйымдастыру Оқушылардың назарын сынып сағатына аудару. II. Негізгі кезең Жоспары: 1. Қатысушы топтармен танысу 2. Келген қонақтармен танысу 3. Қорытындылау III. Ойын жүрісі: 1. Таныстыру. 2. Құстар туралы ән айту. 3. Құс суретін бейнелеу. (сол жерде) 4. Сән үлгісі. (құстың бейнесін көрсету) 5. Құстар туралы болжамдар айту. 6. Сұрақтарға жауап. Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Міне, біздің досымыз – құстар да жылы жаққа қайта бастады. Біздің халқымыз кең далада, табиғаты көркем, құстары бай далада өскен. Жалпы жер бетінде 8600-ге жуық құстардың түрі болса, біздің Республикамызда-174 құстың түрі бар. Енді 3 «б» сыныбының құстар күніне арналған «Құстар көрмесі» атты сынып сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. Ән: «Көктем вальсі» Ән аяқтала бере, өңірлеріне белгі таққан екі топ ортаға шығады. Әр топта бес оқушыдан. Қалған оқушыларды әділқазылар алқасы етіп сайлаймыз. І- топ: «Қарлығаш». ІІ- топ: «Көгершін». І. Таныстыру: 1. Екі топ өздерінің неліктен құстардың атауларын алғандығы туралы сөз қозғайды. ІІ. Құстар туралы ән: І- топ: «Құстар әні» әнін орындайды. ІІ- топ: «Ақ көгершін» әнін орындайды. ІІІ. Құс суретін бейнелеу: Оқушыларға түрлі-түсті қарындаштар мен қағаз беріледі. І- топ оқушыларына «аққудың» суретін салу тапсырылады. ІІ- топ оқушыларына «тырнаның» суретін салады. (тапсырманы орындау үшін 10 минут беріледі). IY. Сән үлгісі: Оқушылар пакеттен тіккен киім үлгілерін көрсетеді. І- топ оқушылары: Әтеш, балапан, аққу, бұлбұл болып киінген. ІІ- топ оқушылары: Қарға, қаз, көгершін, сауысқан киімін киген. Y. Болжамдар айту: І- топ: 1. Шағала келсе, сең бұзылады. 2. Жыл құсы қаптап келсе, көктем тез шығады. 3. Көкек қатты, әрі жиі шақырса-көн жылынады. ІІ- топ: 1. Қарлығаш өрлеп ұшса-күн жылы, құрғақ болады. 2. Бозторғай ән салса, күн ашық, үнсіз жүрсе жауын жауады. 3. Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауынды-шашынды болады. YІ. Сұрақтарға жауап: І- топ: 1. Қанатты орман жыртқышын ата. ( қаршыға) 2. Көктемде алғаш ұшып келетін құс. ( ұзақ) 3. Өте сақ, ұзын сирақты, ұзын мойынды құс. (тырна) 4. Киелі құсты ата. (аққу) ІІ- топ: 1. Үй құстарын ата. (тауық, үйрек, қаз, күркетауық) 2. Бейбітшілік құсын ата. ( көгершін) 3. Ірі сұңқарлар өкілі. (лашын) 4. Бауыры қара, маңдайының үстінде ақ белгісі бар қара құс. (қасқалдақ) Y. Қорытынды. Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар!Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Екі топтың оқушылары да ізденіп, үлкен дайындықпен келгендігі көрініп-ақ тұр. Екі топтың құрамындағы оқушыларға рақметімді әділқазылардың атынан айтып, марапаттаймын. | |
Просмотров: 564 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |