Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Рахмет саған, Анашым
24.09.2015, 14:29 | |
Тәрбие сағаты: «Рахмет саған, Анашым» Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация. Мұғалімнің сөзі: - Қар көбесі сөгіліп, құлпырып көктем келді. Көктемнің алғашқы мерекесі Аналар күні де келіп жетті. Тамаша көктем мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Әлемдегі ең асыл жан ол - АНА емес пе? Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Па, шіркін, ананың айналып - толғанғаны кімнің есінен кетеді! Шырылдап жерге түскеннен - ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол - АНА! Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап жұбанбай, жылап іздейтінің - ана. Сен жан болып дүниеге келдің. Сенің іздейтінің бір - ақ жан. Ол - ана! Ол саған бәрінен де қымбат. Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен - ақ басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес! Мен білетін қазақ әйелі - қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы, сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік. - Балалар, айтыңдаршы АНА кім? АНА - нұр, өмір сыйлаушы, дана. данышпан, кемеңгер, ұстаз, күн, тәрбиеші т. б. - АНА - бұл біз үнемі, күн сайын айтатын үздік, ерекше есім. Ана - бұл бізге жарық пен жылу беретін Күн. Біз өз аналарымызды қалай атаймыз? - Иә, МАМА - бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де мейірімді, жылы естіледі. - Ендеше аналарың қандай адам? АНА - ақылды, сұлу, нәзік, мейірімді, ардақты, аяулы т. б. - Ақылды да сұлу аналарға арналған мақал - мәтелдер айтайықшы. (Ана туралы мақал - мәтелдер) - Ананың берген тағылымына ешқандай бақ - дәулет те, ханның қаһары да, батырдың айбары да теңесе алмайды. Осындай ананы құдіретті ұлылар қалай суреттеген екен? (Ұлы ойшылдардың ана туралы айтқандары) - Баяғыда бір адам пайғамбарымызға келіпті де: Мен бір зор күнә істедім. Енді мені кешіру мүмкін бе?- деп сұрайды. Сонда пайғамбар: - Анаң бар ма?- деп сұрапты. - Бар - дейді әлгі адам. - Онда анаңа қызмет көрсет - деген екен пайғамбар Олай болса, ана туралы жырларың мен әндеріңді ортаға салыңдаршы. Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 833 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |