Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Отты жылдар жаңғырығы
24.09.2015, 15:16 | |
Тақырыбы: Отты жылдар жаңғырығы Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Әдісі: Музыкалық – әдеби қойылым Көрнекілігі: «Әр қашан күн сөнбесін» тақырыбына салған суреттер көрмесі, батырлық туралы нақыл сөздер, батырлар портреті, бейне фильм. Кіріспе: (тақтада нақыл сөздер ілулі тұрады) 1. Отан үшін отқа түс - күймейсің. 2. Ерлік – елдің қасиеті, Жүректілік – жігіттің қасиеті. Б. Момышұлы 3. Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу – қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге болмайды. Б. Бұлқышев Қыз бала: Ардагер аталар! Ұл бала: Ардақты әкелер! Қыз бала: Абзал ағалар! Ұл бала: Асыл аналар! Екеуі қосылып: Баршаңызды! Баршаңызды! Қыз: 7 – мамыр – Отан қорғаушылар күнімен… Ұл: 9 - мамыр – Ұлы Жеңістің 60 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Негізгі бөлім: 1 - оқушы: Жеңіс күні Ойлап - ойлап тұрдым көп, Сауал бердім білгім кеп: - Қуанышты мереке – Жеңіс күні қай күн?- деп. Атамнан да сұрадым, Әкемнен де сұрадым. Ағамнан да сұрадым, Апамнан да сұрадым. Тосты бәрі құлағын: - «Дұрыс» - десті, – «сұрағың!» Бейбіт күннің бәрі де Жеңіс күні, шырағым! (Қ. Жұмағалиев) Бүгін біздің ортамызда Ұлы Отан соғысының ардагерлері … отыр (арда герлер сөз сөйлейді.) 2 - оқушы: Арылтып жаудан жерімді, Табанға жаншып өлімді, Жеңіспен желпіп өмірді, Оралды ерлер көңілді, Десеңдер бұл қай күні – Бәрі қосылып: Тоғызыншы мамыр күні! (Д. Әбілев) 3 - оқушы: Алақай – ай, Әйгілі Тоғызыншы мамыр бүгін. Алғаш күні шаттықтың, Соңғы күні қайғының. 4 - оқушы: Ұлы кешке сенген күн, Фашистерді жеңген күн. Қырмызы гүл, қызыл гүл, Құшақтарға енген күн. Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 723 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |