Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Отбасындағы сыйластық - әдептілік бастауы
24.09.2015, 10:41
Тақырыбы: Отбасындағы сыйластық - әдептілік бастауы (тәрбие сағаты)

Нақыл сөздер:
1. Қызың өссе, гүлдей болсын деп тіле.
2. Отбасының қос шынары: ата мен әже.
3. Ана - жараға жапырақ.
4. Қарындасың сыйламағанның қары сынсын. Тапсырма. Шығарма жазып келу.
1. Қарындасым – қанатым.
2. Мен ағатайымды сыйлаймын.

Сынып жетекшісі: Қымбатты ата - аналар, ұстаздар, ұлдар мен қыздар! Бүгін біз «Отбасындағы сыйластық - әдептілік бастауы» деген сынып сағатын өткіземіз.

Мақсаты: әлпештеген әке мен аялаған ана арқылы өрбіген туыстар сыйластығы, жанұядағы үлгі тұтар ата - ана тәрбиесі берген әдептілік, ізет, құрмет туралы пікір қозғаймыз.
/Сабақ барысында ата - аналардан, қатысқан ұстаздардан сұрақ туса, жазбаша жіберіңіз/.
Әлпештеп өсіп келе жатқан жеткіншектер, мектепке кіріп келгенде маңдайшада қандай ұлағатты сөз жазылып тұр.
«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі» біздің мектепте жазылып тұр,- деп оқушылар жауап берді.
- Дұрыс, дүниеге шыр етіп келгеннен анаң, сендерді мәпелеп жүріп әдептілік, инабаттылық, адамгершілік сезімдеріне баули тербетеді. Ол қасиеттер сендердің «Бесік жырымен» бойларыңа сіңеді.

«Бесік жырын» біздің мектептегі үлгілі ана, балаларын өнерге, іске баулып жүрген, ізетті, инабатты, ақылына көркі сай, сыныптағы Досқанның мамасы Кулзия апай орындап береді /орындайды/. Осындай бесік жырымен бүгінгі қатысып отырған барлығымыз тербеліп өстік. Қымбатты балалар, бұйырса ата - анаң әлпештеп 14 - 15 жасқа жеткізді. Отбасындағы ата - ана орны, оларды құрметтеу, адам бойындағы жақсы қасиеттер жайлы пікірлесейік. 1 - оқушы: Отбасының қос шынары - Алатаудай атам бар, аналардың анасы - ақ жаулықты әжем бар. Ата - береке, мейірім, өнеге. Даналықтың қайнар көзі, қасиетті ісімен сый - құрметке бөленген қария. Әжем балалар қамқоры, көл - көсір астың тұтқасы. Атаны сыйлау – елді сыйлау. Әжені құрметтеу - өмірді құрметтеу. Қымбатты ата - анам, ұстаздарым, біздің борышымыз - сіздерді құрметтеу!

2 - оқушы: Борыш ата - анаға, үлкен адамдарға қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу үшін жүргізілетін салтқа айналған.
Қайырымды іс - әрекеттер қарыз деген сөздің баламасы. Бала - мен, сен, әлпештеп өсірген ата - ана алдында, біз үшін олар жасаған еңбектерін өтеуге қарызбыз. Егер нағыз адам болсақ, ең әуелі ата - ана алдындағы борышты өтеу мақсатын қоямыз. Ардақты әке - шешем, атыңа кір келтірмеуге тырысамын.

Мұғалім: Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған анаңның ақ мейірімін, ересек еңбегін бағаламасаңдар, ол - қорлық.
Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, қарындас - туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке - тірегің, қамқоршың, асыраушың. Әке - асқар тауың.

3 - оқушы:- Әкем менің әрқашан,
Әділетті бол деген.
Ақыл сөзі санамда,
Жүрем әділ жолменен.

4 - оқушы: Әкем менің әрқашан,
Бол дейтұғын тіл алғыш.
Үлкендерден сондықтан,
Алып жүрмін көп алғыс.

5 - оқушы: Қандай қымбат сөз еді – «әке» деген
Әке емес пе, өсіріп, мәпелеген.
Әкесі бар балалар болады ерке,
Аспандағы айды да әпер деген.
Домбырамен ән орындалады. «Әке арманы»

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: бастауы, сыйластық, Әдептілік, Отбасындағы
Просмотров: 1269 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar