Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Отбасы жарастығы
24.09.2015, 09:16
Отбасы жарастығы (слайдымен)
Мақсаты: Балалардың отбасы, жақын туыс адамдарын сүю, отбасылық қарым - қатынас құндылықтары туралы түсінігін кеңейту
Міндеттері:
Білімділігі: Отбасының адам үшін маңызы, туған, өскен үйдің жылылығы туралы түсінік беру;
Дамытушылығы: Отбасындағы жарастық, сыйластық, сүйіспеншілік сезімдері мен қарым - қатынасының дамуына ықпал ету;
Тәрбиелік мәні: Отбасындағы сыйластыққа, сүйіспеншілікке, өз ара татулыққа тәрбиелеу.

Барысы:
Шаттық шеңбері
Дөңгелене тұрайық,
Керегені құрайық,
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
(киіз үйдің суреті)
- Енді алақандарымызды бір - біріне жақындатайық. Не сезіндіңдер?
- Осы жылылық тек алақанымыздан ғана емес, жақсы сөзден де, жылы лебізден де сезіледі.
(бір - біріне жылы лебіздер, тілектер айту.)

Әңгімелесу
Осындай жылы сөздерді бір үйде, ортақ мекенде тұратын адамдар әр күні айтатын болса, шаңырақ қуанышқа, жылылыққа бөленеді. Шаңырақ дегеніміз адамдардың бірге тұратын мекені, яғни ол үй, отбасы, мемлекет. Осындай шаңырақта бір - біріне жақын, туыс адамдар тұрады. Шаңырақ әр адамға жылы ұядай қадірлі бір отбасында тұратын адамдар бір - біріне сыйлайды, бір - біріне жәрдемші, көмекші.
Отбасын кімдер құрайды?

Сұрақтар:
“Отбасы жарастығы”, “Отбасы бақыты”, “Отбасы қуанышы” деген ойларды қалай түсінесің?
Адамдар отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізе алады?
Өзіңіз шеше алмаған жағдайдың дұрыс шешімін табу үшін ата – анаңызбен еркін сыр бөлісе, ақылдаса аласыз ба?
Ата - анаңызды қуанышқа бөлеген кездеріңізді айтып беріңіз.

Мәтінмен жұмыс
Мен оны пір тұтамын. Ж. Солтиева.
Үзілістермен оқыту
Талқылау
Мұраттың отбасына түскен қиындықтарды жеңуіне не себеп болды?
Жақын отбасы, адал жар болу үшін адамға не қажетті деп ойлайсыз?
Кейіпкерге хат
Болжам жасау

Қорытынды
Жақсылыққа – жақсылық
Жаңа ақпарат
Отбасының берік болуы сыйластық, сүйіспеншілік, кешірімді болу, сенімділік, төзімділік, адамгершілік қасиеттерге байланысты. Отбасының берік болуы дүниеге нәрестенің келуі. Әрбір ата - ана өзінің болашағы, отбасының жалғасы өмірге ұрпақтың келуін асыға күтеді.
М. Мақатаев
- Иә, Алла, көрдім бе, көрмедім бе?!
Иә, тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!
Шырылдаған үніңнен айналайын
Шыныменен өмірге келгенің бе?!
Қызым болсаң – қырымда құралайсың,
Ұлым болсаң – ұлы бір мұрадайсың
Естисің бе есі жоқ, ей, дүние,
Менен неге сүйінші сұрамайсың?!

Толық нұсқасын, презентациясын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жарастығы, отбасы
Просмотров: 1056 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar