Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Отаным - Қазақстан
24.09.2015, 14:08 | |
Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Отаным - Қазақстан!» Мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздерін, конститутциясы, тарихы туралы мағлұмат беру. Ақыл - нақыл, шешен сөздер, туған жер туралы өлеңдер үйрету. 2. Тәрбиелік. Оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Туған жерді қадірлей білу, бағалауға үйрету. 3. Дамытушылық. Оқушылардың Отан, туған жер туралы ой - өрісін дамыту. Өзіндік көзқарасы бар жеке тұлға қалыптастыру. Оқушыны сахна мәдениетіне үйрету. Көрнекілігі: Плакат, рәміздер суреті, буклеттер, кітаптар, интерактивті тақта. Жүрісі: Әнұран «Менің қазақстаным» Сөзі: Ж Нәжімеденов, Н. Назарбаев Әні: Ш. Қалдаяқов Орындайтын хор. Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар, оқушылар, кеш қонақтары! 6 сынып ұйымдастырып отырған «Отаным - Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Қазақстан - ұлан байтақ кең далам, Қазақстан - өзіңе арнап ән салам. Қазақстан - ортақ біздің үйіміз, Отаным деп бар әлемге жар салам. 1991 жылдың 16 желтоқсаны - еліміз үшін ерекше күн. Өйткені бұл күні қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет болуын әлемге жария етті. 1992 ҚР – ның мемлекеттік рәміздері белгіленді. Олар - туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз. Бұл мемлекеттік рәміздер туған халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған еркіндік пен бостандыққа қол жеткізгенін көрсетеді. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Тағдырдың талай соқпағынан өткен елімізге бүгінде тәуелсіздік алғанына 22 жыл толады. Қазақстанда түрлі халық қол ұстасып, достық жырын жырлап, тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр.(музыка) Қазақ: Қазақпыз біз туын биік көтерген, Туын әсем қыран бүркіт көмкерген. Құтты болсын мерекеміз бүгінгі, Жарқын далам, құлпыра бер күнбе - күн! (Шашу шашылады) Орыс: Армысыздар, туған жерім, Отаным, Орыс деген ұлтыңыз мен боламын. Өмір сүріп Қазақстан елінде Достық пенен бейбітшілік ұраным. Өзбек: Қош келдіңіз, өнер сүйер халайық, Жарқын жүзбен сіздерді қарсы алайық. Құттықтаймын өзбек халқы атынан Мерекеміз құтты болсын ағайын! Кәріс: Кәріс ұлтым, Қазақстан – отаным Қазақстан елінде мен тұрамын Құтты болсын тәуелсіздік күні деп өзіңізге арналады жыр - әнім. Жүргізуші: Бір шаңырақта табысқан, Дос, бауыр көп туысқан Отан - ортақ үйіміз Көңілді ән мен күйіміз. Біздің бір ғана отанымыз бар, ол - Қазақстан! (Бәрі қосылып) Ән «Атамекен» Орындайтын хор 1 - оқушы: Менің елім - Қазақстан Күл әлемге танылған Желбіреген көк туым бар Қыран бүркіт самғаған Батыр ата - бабаларым Елін жаудан қорғаған Қазақстан Республикам Отаным деп мақтанам 2 - оқушы: Қазақ елі, қазақ жері Дархан таза халық қой Бүгін міне болып жатыр Елімізде алып той Жайнай берсін елім менің Қазақстан бай далам Татулық пен бейбітшілік Орын алған сай далам 3 - оқушы: Тауды көрсең күн көзімен таласқан, Аспан көрсең ай мен күнге жол ашқан. Менің байтақ республикам таулары Менің көгім - мөлдіреген сол аспан. 4 - оқушы: Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан, Көлді көрсең секілді бір түскі аспан. Менің байтақ республикам даласы Менің көлім теңізбен қол ұштасқан. 5 - оқушы: Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін Көрсең ашық Алатаудың күндерін. Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген Ұлан байтақ Республикам бұл менің. Ән «Отаным - Қазақстан» Көрініс. Балалар ойнап жүреді. Қария келе жатады. - Ассалаумағалейкүм, ата! - Ата, қайдан келесіз? - Ой, балаларым, аманбысыңдар. Мен туған жеріме келе жатырмын. -«Туған жер» деген не, ата? «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген. Туған жер деген кіндік қаның тамған, туып - өскен жерің. Оған көрікті, қаншама әдемі болса да басқа жер етпейді. Оның суы да, ауасы да бөлек қой, шіркін! Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. - Өзіңіз тұрған жерде неге өмір сүре бермедіңіз? Сонша шаршап - шалдығып келесіз. (Бір бала су береді) - Өзге елде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол деген. Осы жерде тудым, туған жеріме келіп көз жұмамын. - Ой, ата, сіз әлі де 100 жасайсыз. Жүріңіз, біздің үйге қонақ боп кетіңіз. Ән «Қазақстан» 6 - оқушы: Гүлге толы кең жазық Күйге толы жота, құм Жан тербеген жел нәзік Қазақстан - Отаным Алтын шашқан сияқты Жер бетіне нұр таңым Бар адамға шуақты Осы менің Отаным! 7 - оқушы: Отан - сенің ата - анаң Отан - досың, бауырың Отан - өлкең, астанаң Отан - аудан, ауылың. 8 - оқушы: Бізді өсірер аялап Отан - қамқор саябақ Отан ортақ үйіміз Көңілді ән мен күйіміз. 9 - оқушы. Бір шаңырақта табысқан Дос, бауыр көп, туысқан. Қазақстан - Отаным Бәрімізді жиысқан. Көрініс: Қазыбек би, Қонтажы хан. Қалмақ ханы шәй ішіп отырады. Қазыбек би келеді. (Бала кезі) - Ассалаумағалейкүм, хан! Рұқсат етіңіз - Қалмақтың ханына сескенбей кіретін кімсің сен? - Жаңа үйреткен жас тұлпар Жарысқалы келгенмін. Қазақ - қалмақ баласы Табысқалы келгенмін. Табысуға келмесең Тұрысатын жеріңді айт. Сен - қабылан, мен - арыстан, Алысқалы келгенмін. Жас болсам да ел намысы мен бірлеген көксеген қазақ баласымын. Атым - Қазыбек. Отан үшін отқа түссек те туған жерімізді жатқа бермейміз. Сұрапыл соғыстың алдын алып, екі елдің арасына түбегейлі тыныштық ортатуға келдім. - Әй, Қазыбек! Байқауымша шешен көрінесің. Сен маған мынаны айтшы. Дүниеде не қымбат? - Алтын ұяң отан қымбат, Құт - берекең атаң қымбат Аймалайтын анаң қымбат Мейірімді апаң қымбат Асқар тауың әкең қымбат Туып өскен жерің қымбат - Ақылы көпті дау алмайды деген. Жас болсаң да ақылың тасыған дариядай екен. Жарайды. Бердім келісімімді. - Бәрекелді, Қонтажы хан.(Кеудесіне қолын қойып шығып кетеді.) 10 - оқушы: «Үш бақытым» М. Мақатаев Ең бірінші бақытым - халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын, Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің. Ал, екінші бақытым - тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей - кейде дүниеден түңілсем де Қасиетті тілімнен түңілмедім. Бақытым бар үшінші - Отан деген, «Кім мықты?» десе біреу Отан дер ем. Оты сөнген жанғанда жан барсың ба Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. 11 - оқушы: Әуелгі Отан ана алды, оттың басы, Ауыл алды аунаған шөптің қасы. Сағынғанда тым ыстық көрінеді Жазда ойнаған үйшік қып сайдың тасы. 12 - оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді Отан дейміз өсірген елімізді. Отан дейміз туған жер, атамекен Биік тау, орман, тоғай, көлімізді. 13 - оқушы: Отан дейміз кең байтақ астананы Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ Ол бірақ өз үйіңнен басталады. Жүргізуші: Енді біздің сыныптың дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалаңыздар. 1 Өзбек биі Каришева Назерке 2 Халық күйі «Тепеңкөк» Орындайтын ансамбль 3 Би «Қара жорға». Орындайтын ер балалар тобы 4. Ән анаға сәлем. Орындайтын: қыздар тобы 5 Жаңбыр биі. Орындайтын Қариполла Жадыра 6. Ән Қазақстан Орындайтын хор Жүргізуші: Осымен 6 сыныптың дайындаған тәрбие сағатымыз аяқталды. Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын! | |
Просмотров: 627 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |