Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қош келдің, әз Наурыз!
24.09.2015, 15:18
Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Қазақтың сал - дәстүрін жаңғырта отырып, ата - баба салтын сақтау, құрметтеуге тәрбиелеу;
Халқымыздың ұлттық мәдениетін дамыту, табиғатпен үндестікке тәрбиелеу;

Оқушы: Сәлем бердік!
Жас наурыз жылдың басы!
Жұрттың күткен мінекей ықыласы.
Көжесін қып күйбеңдеп, басын асып,
Бермек әркім баршаға қонақасы.
Келгендердің құттықтап бірін - бірі,
Қуанышта көрісіп кәрі - жасы.
Көңіл түгіл адамның сен келген соң,
Самарқанның елжіреп тұр көк тасы.
Күйін көріп қуанған мұңсыз демі,
Толып жатқан көбінің бар мүддесі.
Табақ тартып, «Әмин» деп қол жайды жұрт,
Батаңды бер, жарылқа, жыл мырзасы.

Жүргізуші: Наурыз – ай аты. Көне түркі тайпаларының есебінде наурыз айының біріні күні (2 сағат бойынша 9 - наурыз, жаңа сағат бойынша 22 - наурыз), яғни күн мен түн теңелетін күн - жыл басы. Наурыз айының жылдың басы аталуына осы астрономиялық ұрымтал фактор себепші болған. Наурыз парсы тілінде фервердин айының бірінші күні. Осыған орай наурыз сөзі Соғда мен Хорезм арқылы қазақ тіліне көне парсы тілінен енген демекпіз. 5 мың жылдық тарихы бар атаудың алғашқы буыны «нау» үнді еуропалық тіл тармағына тән.

Жүргізуші: Ал біздің дәуірімізге дейінгі 46 жылға дейін Римляндар жаңа жылды бірінщі наурызда қарсы алып отырған екен. Алайда Рим императоры Юлий Цезарь бұл дәстүрді өзгертіп египеттік астроном Созигеннің кеңесі бойынша жаңа жылды бірінші қаңтардан бастауға жарлық берген. Көне айғақтарға қарағанда аты аңызға бөлінген Жәмші (Джепшид) патша ирандардың жаңа жылғы мерекесі паш етіп, парсыда жаңа жыл алауын бірінші болып жаққан көрінеді. Содан бері адам жанын тазартатын күш бар деп сеніп, қасиетті алау үстінен әлеміш киінгендер секіретін
болған, ал ирандықтар мерекелік кілем үстіне жайғаса отырып «наурызды» қызықтайтын болған. Сол сияқты ауғандар да наурызда жаңа жылды мейлінше шаттық құрметпен қарсы алған.

Жүргізуші: Иә - бұл кезінде бағзы замандарда Орта Азия әкімдері замандарында қамауда жатқан телі - тентектерді, қылмыскерлерді бостандыққа жіберіп отырған. Сөйтіп, наурызды қазақ, өзбек, қарақалпақ, чуваш, түркімен т. б. түркі халықтары бір мезгілде, бірдей дерлік ұлан-асыр шаттықпен атап өткен. Той күндері кәрі – жас бірдей ауыл – ауылды аралап жүріп, бір – бірлерін құттықтасады. Қарттарға ел ағаларына өгіздің шекесі тартылып, жігіт - желеңде «наурыз көже» ішетін. той тамашасында түрлі – түрлі ойын – сауықтар ұйымдастырған екен. Қазақ жерінде «Наурыз» мейрамы 1926 жылға дейін өткізіліп тұрған. Одан кейін белгісіз бір себептермен ұмыт қалған. Ал Орта Азия Республикасында «Наурыз» көктем, еңбек мейрамы ретінде алпысыншы жылдардың басынан бері тойланып келеді екен.

1 - жүргізуші: Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан,
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
Шашу шашу. Көп шашайық шашуды,
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа жамағат, жинап ал несібеңді,
Ризашылық болсын көл – көсір.
(Осы сөздерден соң қазақ киім киген қыздар тойбастар әнін айтып келеді де ән соңында шашу шашылады).

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: әз, келдің, қош, наурыз!
Просмотров: 599 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar