Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Қош бол, әліппем!
24.09.2015, 11:37 | |
Қош бол, әліппем! Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін ортаға салу, өнерлерін тамашалау, мәдениеттілікке тәрбиелеу, қабілеттерін дамыту. Дүниетанымын кеңейтіп, эстетикалық талғамын тереңдету, өзін - өзі басқаруға үйрету. Көрнекіліктері: А. Байтұрсынов, Ы. Алтынсарин суреттері, шарлар, гүлдер, даналық сөздер, әліппе суреті, әріптер, буындар. Жүрісі: І. Ұйымдастыру. ІІ. Мұғалім: Бар білімнің бастауы, Бар ғылымның бастауы. Жас балаға нұр шашқан, Әліппе кітап тіл ашқан. - Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Бүгін, сіздер 1ә - сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына ұстап әріп таныған оқулығы әліппемен қоштасуға арналған мерекеге келіп отырсыздар. Мерекемізге қош келдіңіздер! Енді сіздерді оқушыларымның өнерлерін тамашалауға шақырамын! 1 - жүргізуші: Нұрдана - Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Ұстаздар мен оқушылар! «Қош бол, әліппем»атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! 2 - жүргізуші: Жанерке. - Иә, ең алғаш әріп танытып, оқуды үйреткен сүйікті әліппемізбен қоштасар кезде келіп қалды. 1 - жүргізуші: Нұрдана - Жанерке, менің ойымша әліппе бар кітаптың басы болғандықтан, әліппені кітаптар патшасы немесе «хан әліппе» деп атар едім. 2 - жүргізуші: Жанерке. - Жарайсың, Нұрдана! Табылған ақыл. Ендеше Хан әліппені ортамызға шақырайық. 1 - жүргізуші: Нұрдана - Қарсы алайық бүгінгі күннің басты қонағын.(Хан әліппе келеді) Хан әліппе: Сәлеметсіздер ме, балалар! 2 - жүргізуші: Жанерке. - Сәлеметсіз бе, хан әліппе! 1 - жүргізуші: Нұрдана - Хан әліппем! Бүгінгі сый - құрметтің бәрі сізге арналады. Хан әліппе: Рахмет, балаларым. Мені оқып, үйреніп, жазуға, оқуға, өнерге бейімделген шығарсыңдар. Қане, көрсетіңдер, көрейін не үйренгендеріңді. Хор: Әліппе. Хан әліппе: Рахмет балаларым! Өркендерің өссін! Өнерлерің өрге жүзсін! 1 - жүргізуші: Нұрдана Ән: Домбыра сазы. Орындайтындар: Әсел, Ақнұр, Үміт 2 - жүргізуші: Жанерке. - Хан әліппе, сіздің достарыңыз бар ма? Хан әліппе: Әрине бар. Менің бірінші досым «Ақыл әліппесі». Менің әріптерімнің қандай екенін тыңдаңыздар. 1 - оқушы - Ақнұр: А Ата - ананың тілегі - Адам болып өскенің Адамдықтың тірегі - Адал болып өскенің. 2 - оқушы - Әсел: Ә Әдептілік дегенің - Әрқашан да керегің. Әсемпаздық дегенің - Әуре – сарсаң әлегің. 3 - оқушы - Мейрамбек: О. Оқуда болсаң, Ойыңа, ойынды әсте жуытпа Ойында болсаң, Ойыңа, оқуды түсір, ұмытпа. 4 - оқушы - Саят: С Спортпен айналыс Сұлулық сыйлаған Сол саған пайдалы іс Сауық пен кинодан 5 - оқушы - Арыстан: Т «Тәртіпті»бала - сүйеніш, Төбең бір көкке жетеді Тәртіпсіз бала - күйініш, Төмендеп басың кетеді. 6 - оқушы - Үміт: Ұ Ұрыншақ бала жанында Ұрыс пен керіс, айқай - шу Ұстамды бала жанынан Ұнамды қылық байқайсың. 7 - оқушы - Ш: Шындықты сақтаймыз, Шыншылды жақтаймыз Шаршы топ алдында Шығарып мақтаймыз. 1 - жүргізуші: Нұрдана - Рахмет, әліппе. Әріптеріңіз керемет ақыл айтты. 2 - жүргізуші: Жанерке. - Бұл ақылды біздер, естен шығармауымыз керек. Хан әліппе: - Жарайсыңдар, менің әріптерім! - Ал, енді, менің Тапқышбек деген уәзірім бар еді. Өзі сондай тапқыр, әрі ақылды. - Шақырыңдар, менің уәзірімді 1 - жүргізуші: Нұрдана - Әміріңізге құлдық, хан ием!(Билеп, Тапқышбек келеді Тапқышбек: - Салем, балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын! - Бүгін сіздер үшін үлкен мереке және ең алғашқы сын болмақ. Ал мен қазір сіздерді сынап көрейін. адасқан буындардан сөз құрап беріңдерші. Ойын: «Адасқан буындар» 2 - жүргізуші: Жанерке. - Келесі шырқалатын ән - Жарқын жүзді ұстазым! 1 - жүргізуші: Нұрдана - Тапқышбек, бізді, сынайтын тағы қандай тапсырмаң бар? Тапқышбек: Ендеше, сөз жарысында кім көп біледі екен? Әліппеден үйренген тақпақ өлеңдерімізді айталықшы. 2 - жүргізуші: Жанерке Отан - сенің, ата - анаң, Отан - досың, бауырың Отан - өлкең, астанаң, Отан - аудан, ауылың Отан - тарих, Отан - тіл, Жасаған елің, ер халқың Отан - өлең, Отан - жыр, Көтерген көкке ел даңқын Отан - осы, достарым, Көңілге мұны түйе біл. Отан деп өс, жас қауым, Оны ардақтап сүйе біл! 1 - жүргізуші: Нұрдана Бабалардың көзіндей, Даналардың сөзіндей, Ұлы дала тұрғызды Ұлы қала өзендей. Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 517 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |