Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Қош бол, бастауыш!
24.09.2015, 14:05 | |
«Қош бол, бастауыш!» Көрініс: 1 - жүргізуші: - Иә, балалар осындай сәт бәріміздің басымыздан өткен болатын. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығасың деген сірә, осы болар. Осыдан 4 жыл бұрын, бүгінгі оқушыларымыз мектеп табалдырығын аттап еді. 2 - жүргізуші: Иә, біз алғашқы күннен бастап ұстазымызбен танысып, партаға қалай отыру керектігін, басқа да мектеп ережелерін үйрендік. 1 - жүргізуші: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш» атты кешін бастауға рұқсат етіңіздер! Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. 2 - жүргізуші: Бесіктегі баланың, Күлгенін көрген - бір мұрат. Алдына түсіп ананың. Жүргенін көрген - бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық! 1 - жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да Мұндай күй болған сірә қаншаңызда Қол соғып, қошеметтеп шақырайық 4 - сыныптарды ортамызға! 4 «А» сыныбы және сынып жетекшісі: ---------------------- 4 «Г» сыныбы және сынып жетекшісі: ------------------- 2 - жүргізуші: Қоштасу тойын бастайық Ән мен биге басайық Өнерлерін көрсетіп Құрметіне бұл тойдың Ән мен шашу шашайық «Ән шашу» әнін қабыл алыңыздар Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 608 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |