Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Қош бол, Бастауыш!
24.09.2015, 10:36 | |
Тақырыбы: «Қош бол, Бастауыш!» Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына жеткізу. 2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, сәт - сапар тілеу, 3. Білім берген ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу. І жүргізуші: - Армысыздар, ардақты ата - аналар, құрметті ұстаздар! ІІ жүргізуші: - Қайырлы күн, қадірменді ата - аналар! І жүргізуші: - Көз салып қараңызшы бойымызға Ортақ боп бүгінгі ойымызға. Қош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар, Бастауышпен қоштасу тойымызға! ІІ жүргізуші: - Қош бол, құтты бастауышым Алғыстарым көп менің Ақыл - білім тәрбиең Ой - санама еккенің. І жүргізуші: Бүгінгі «Қош бол, бастауышым!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! ІІ жүргізуші:- Осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2009 жылдың 1 – қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп - кішкене балғын бүлдіршін бұл күнде қандай болды екен? І жүргізуші:- Содан бері 4 жыл уақыт өтіпті. Сол бүлдіршіндер қазіргі таңда бойлары да өсіп, бастауышта білім нәрімен сусындап, орта буын табалдырығын аттағалы отыр. Талаптарыңа нұр жаусын! ІІ жүргізуші:- Қадамдарыңа гүл бітсін деген тілекпен, бүгінгі бастауыш сынып бітірушілерді сынып жетекшілерімен ортаға шақырамыз! І жүргізуші: 4 «А» сыныбы сынып жетекшісі: -------------- ІІ жүргізуші: 4 «Б» сыныбы сынып жетекшісі: -------------- І жүргізуші: - Бүгінгі «Қош бол, бастауышым!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз! Гимн орындалады. ІІ жүргізуші: - Көктем келіп, көк бүршігі тұр көктеп Көк бұлақтар таудан құлап дірдектеп. Тау тұлғалы, көктем нұрлы ұл - қызды, Тәрбиелеп шығарады бұл мектеп! - дей келе, мерекемен құттықтау сөз мектеп директоры ----------------------------------------- беріледі. Оқушы: 4А Армысың мектебім, алтын ордам, Жарқырар ұлы - ғылым, үміт алдан. Жалғасқан тарих үні бүгінгідей, Армысың киелі ордам білімдегі. Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 749 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |