Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Қоңыр, қызыл балдырлар
24.09.2015, 10:03 | |
Қоңыр, қызыл балдырлар 1. Теңіз балдырлары - қоңыр, қызыл балдырлар. 2. Қызыл, қоңыр балдырлар Қазақстанның қай суларында кездеседі? Каспий теңізінде. 3. Қоңыр балдырлардың түр саны - 1500. 4. Қоңыр балдырлардың жасуша қабықшасының сырта немен қапталған?- созылмалы сілемейлі қабықшамен. 5. Сілемейлі қабықшаның қоңыр балдырлар үшін маңызы қандай?- теңіз толқынының күшіне төтеп береді, құрғап кетуден сақтайды. 6. Қоңыр балдырлардың жасушасындағы ядро саны - біреу. 7. Қоңыр балдырлардың жасушасындағы вакуольдердің саны - біреу немесе бірнешеу. 8. Вакуольдерінің құрамында илік заттары бар балдыр - қоңыр балдырлар. 9. Қоңыр балдырлардың хроматофорының пішіні қандай?- дән тәрізді. 10. Қоңыр балдырлар хроматофорының орналасуы - жасуша қабықшасына жақын орналасқан. 11. Қоңыр балдырлардың хлорофилл және қоңыр бояулары қайда орналасқан - хроматофорларында. 12. Қоңыр балдырлар жасушасының қор заты - полисахаридтер (ерітінді күйіндегі көмір сулар). 13. Қоңыр балдырлардың түрлері - ламинария, саргассум, нереоцистис, турбинария, агарум 14. Ламинария теңіз жағалауынан қанша шақырым аймақты қамтып өседі? 5 - 10 шақырым. 15. Ламинария балдыры теңіз түбінен қанша тереңдікте өседі? 20 - 30 метр. 16. Сыртқы құрылысы гүлді өсімдіктерге ұқсас қоңыр балдыр - ламинария. 17. Ламинария су түбіне қандай бөліктері арқылы бекініп өседі? тамырға ұқсас өсінділерімен (ризоидтарымен) 18. Ламинарияның жоғары қарай созылған бөлімінің ұзындығы - 50 см. 19. Ламинарияның жоғары қарай созылған бөлімінен нелер өсіп жетіледі?- жалпақ таспа тәрізді өсінділер. 20. Ламинарияның жалпақ таспа тәрізді өсінділерінің ұзындығы - 3 - 4 метр. 21. Солтүстік ендіктерде өсетін ламинарияға тән қасиет - жалпақ, таспа тәрізді өсінділері қаңтар, ақпан айларында түсіп қалады. 22. Ламинарияның зооспорангийлері неден пайда болады? жаздың соңы, күздің басында жалпақ өсінділерінің бетіндегі дақтардан. 23. Ламинария зооспорангийлерінің пішіні - эллипс, цилиндр тәрізді. 24.«Теңіз орамжапырағы» деп аталатын қоңыр балдыр - ламинария 25. Ламинария балдырының маңызы - адамның қалқанша безінің жұмысын жақсартады, жемсау ауруынан сақтандыру үшін тамаққа қосады. 26. Ламинария балдырының денесі - 70%- ға дейін көмірсудан, 9% нәруызды заттар, 0, 3%- ға дейін йод, май, бром, күшән сілемі және А, В, С, Д дәрумендерінің жиынтығынан тұрады. 27. Теңіз қоңыр балдырларының 1 тоннасынан қанша килограмм таза йод алынады? бірнеше килограмм. 28. Жидекке ұқсас домалақ өсінділері бар қоңыр балдыр - саргассум. 29. Саргассумның жидегі - іші ауаға толы көпіршіктер. 30. Іші ауаға толы көпіршіктердің саргассум үшін маңызы - суда жүзуін тездетеді, басқа жерлерге тез таралады. 31. Саргассум тұқымдас балдыр - турбинария. 32. Турбинарияның өсінділері неге ұқсас? жүзім салқымына. 33. Жергілікті тұрғындар «теңіз жүзімі» деп атайтын балдыр - турбинария. 34. Қоңыр балдырлардың кейбір таспа тәрізді өсінділерінің ұзындығы - 60м 35. Қоңыр балдырларда хлорофилден басқа қандай түсті пигмент болады - қоңыр, сары, қызғылт - сары (каротин, ксантофилл, фукоксантин) 36. Қызыл балдырлардың түр саны - 4000 37. Қызыл балдырлар теңіз түбінен қанша тереңдікте өседі?- 270метр. 38. Қызыл балдырлардың хроматофорларының пішіні - дән тәрізді. 39. Қызыл балдырларда хлорофилден басқа қандай түсті пигмент болады - қызыл (фикоэритрин), көк (фикоцианин) пигменттері бар 40. Қызыл балдырлардың қоңыр балдырлардан тағы бір ерекшелігі - аса ірі болмайды, айрықша әдемі, көз тартады. 41. Қызыл балдырлардың жасушасының қор заты - май және қантты заттар. 42. Қызыл балдырлардың көбеюі - өсімді, жыныссыз, жынысты. 43. Бір грамм қара топырақта болатын балдыр саны - 5000 44. Көкөніс есебінде тамаққа пайдаланылатын қызыл балдыр - порфира. 45. Теңіз балдырларынан алынатын өнім - йод, спирт, сірке қышқылы, жасунық, агар - агар 46. Агар - агар дегеніміз не? ғылыми зертханаларда бактериялар мен саңырауқұлақтарды, балдырларды өсіретін қоректік орта. 47. Балдырлардың шаруашылықтағы маңызы қандай?- жағаға шығып қалған балдырлар тыңайтқыш есебінде қолданылады. 48. Балдырларды қорғау үшін қандай шаралар қолданылады - өндіріс орындарынан шыққан лас сулар мен ауыл шаруашылық егістіктеріне шашылған химиялық қосылыстардан суды тазарту. 49. Балдырлардың судан сіңіретін газы - көмірқышқыл газы. 50. 1, 5 млрд жыл бұрын құрлыққа шыққан бастама өсімдік - фотосинтездеуші балдырлар. | |
Просмотров: 930 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |