Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Өнерлі өрге жүзер
24.09.2015, 12:13
Тәрбие сағаты (Сайыс)
Тақырыбы: «Өнерлі өрге жүзер»
Сыныбы: 4 сынып
Мақсаты:
Оқушылардың ой - өрісі мен дүниетанымын арттыру. Оқушылардың сөйлеу мәдениеті, эстетика мен этикасын дамыту. Әсемдікті, сұлулықты қалайтын ішкі рухани дүниесі бай жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақ халқының тұрмыс салты мен өнеріне құрметпен қарауға баулу.

Түрі: Сайыс
Көрнекілігі: қанатты сөздер, интерактивті тақта, қоржын, асық, безендірулер.
Бағдарлама
І Таныстыру
ІІ Сұрақ - жауап
ІІІ Сурет салу сайысы
IV Оқушылар айтысы
V Ермексазбен жұмыс
VI Өнер сайысы
VII Апликация(қию, жапсыру)
VIII Мақал – мәтел сайысы

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер! Бүгін 4 - сыныптар аралығында болғалы тұрған «Өнерлі өрге жүзер» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысқа өз сыныбының намысын қорғауға әр сыныптан төрт оқушы келіп тұр. Олай болса ортаға 4а сыныбы - «Шежіре» тобын, 4 б сыныбы «Мұрагер» тобы, «Дастан», «Өнеге» топтарын ортаға шақырамыз.
Енді әділқазылар алқасымен таныстыра кетейін...
І Сонымен сайысымыздың бірінші бөлімі «таныстыру». Ортаға 4 а тобын өзін - өзі таныстыруға шақырамыз.

Сонымен таныстыру бөлімі аяқталды. Енді осы таныстыру бөліміне әділқазылар алқасынан баға берулеріңізді сұраймын.

ІІ Сұрақ - жауап. Қоржыннан асық алып, шыққан нөмірге байланысты сұрақтарыңызды аласыздар.
1. Ерулік деген не? Қазақтың ұрттық ойындарын айт.
2. Шашбау мен шолпының айырмашылығы қандай? Сәукелені кім киген?
3. Иткөйлектің мағынасын түсіндір. Шілдехана, Тұсаукесер деген не?
4. Киіз үйдің құрлысын ата. Басқұр деген не?

ІІІ Сурет салу сайысы. Өнердің басқа да түрлері секілді сурет салу да оқушылардың ой - өрісі мен білімдерін жан - жақты дамытуда әсері мол. Сурет салу өнері қазақ халқында ертеден – ақ барлық түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, халқымыздың мәдени қазынасының өзекті бір саласына айналды. Ендеше келесі сайысымыздың түрі - сурет сайысы. Мұнда оқушыларға бір элемент беріледі. Оқушы оны өрбітіп, ары қарай дамытуы керек.

IV Оқушылар айтысы Қазақ халқының өмірінде жыраулық, термешілікпен қатар, табан астында өлең шығаратын суырып - салма лық өнер де кең дамыған. Халқымыз үлкен жиын - тойларда бір - біріне өлең түрінде тез жауап қайтаратын сөз жарысын ұйымдастырған. Кейінірек ол айтысқа айналған. Біз айтыстың көптеген түрлерін білеміз. Солардың бірі - оқушылар айтысы. Әрбір сыныптан бір - бірден оқушы шығып, екі оқушы бір - бірімен айтысады. Ортаға 4 а сыныбынан және 4 б сыныбының оқушыларын шақырамыз.

V Ермексазбен жұмыс Ертеде ата - бабаларымыз күнделікті тұрмыс*тіршілігін тастар мен қолөнер бұйымдарына бейнелеп, мүсіндеп отырған. ежелден қалған қолөнер туындылары ата - бабаларымыздың өткен өмірінен оқушыларға көп мағлұмат береді. Мүсіндеу - оқушыларымыздың ойлау қабілеті мен ұғыну және шығармашылық қабілетін шыңдай түседі. Сол себепті келесі сайысымыздың түрі - ермексазбен жұмыс.

VI Өнер сайысы. Оқушылар ермексаздарын бір мүсінге келтіргенше өнер сайысына кезек береміз.«Өнерлі өрге жүзер» деп бекер айтпаған. өнер атадан балаға мирас болып қалған асыл қазынамыз. Халқымыздың тілегі, арманы өлең - жырына сіңген. ән мен жыр жырлап, жақсылыққа талпынып, сұлулыққа сүйсіну, өнегеліден үйрену, шынайы асылға қол созу - көңіл көкжиегінкеңейтеді, жаныңды байытады. Сонымен келесі кезек «өнер сайысы».

VII Апликация(қию, жапсыру) Қазақ даласында өнердің басқа да түрлері секілді ою - өрнек те әртүрлі үлгіде дамыған. Оюлардың әр аймаққа сәйкес өз ерекшелік стилі болған. бірақ та барлық оюлардың бастапқы элементі - «мүйіз» тектес ою - өрнек болып табылады. қазақ ою - өрнектерінің әзірше 230-дай түрі ғана анықталған. Қазір оқушыларымыз берілген түрлі - түсті қағаздардан ою қиып, оны ұқыпты жапсыруы керек.

VIII Мақал – мәтел сайысы
Тіл - адамзаттың алғыр құралы. Ал тілдің мәйегі мақал - мәтелдер - тарихтың ескерткіші, ақыл - ойдың өшпес, өзгермес жәдігері, даналықтың тобықтай түйініне айналған жауһар сығындысы. Мақалда терең ой, айшықты пікір, кестелі сөз жатыр. мақал - мәтелдерден халқымыздың басынан өткен қилы кезең, қиямет дәуірлерін, әдет - ғұрыптарын, салт - санасын көре де, сезе де аламыз. Келесі сайыс «еңбек пен өнер» туралы мақал айтып жарысу.
Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасына қорытынды сөз кезегін береміз.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: өрге, жүзер, Өнерлі
Просмотров: 2166 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar