Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

« Нағыз қазақ жігіті»
24.09.2015, 15:49
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы,
№24 орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті
мұғалімі, сынып жетекшісі Сейткерей Гулшат Жасболатқызы

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Нағыз қазақ жігіті»

Мақсаты: 1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: «Нағыз қазақ жігіті – 2012» тақырыбы, мақал-мәтелдер, байқауға қажетті құрал – жабдықтар, шарлар т.б.

Байқау барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
1-жүргізуші: Ж.Назерке.
- Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Нағыз қазақ жігіті» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
2-жүргізуші: А. Саят.
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!

1-жүргізуші: Ж. Назерке.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ,
Ұлдар шықсың ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! Дей отырып, ортаға « Нағыз қазақ жігіті» байқауына қатысушы сайыскерлерімізді қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: А. Саят.
« Нағыз қазақ жігіті» байқауына қатысушы сайыскерлердің ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1.... 2....3.....4.....
1-жүргізуші: Ж. Назерке.
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін:
I. Бөлім « Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.
II. Бөлім « Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.
III. Бөлім « Көркіне ақылы сай» салт – дәстүрге байланысты сұрақ-жауап сайысы.
IV. « Ердің асылы күшінен білінеді» Қол – күрес, гір тасын көтеру.
V. Бөлім « Тығырыққа тірелгенде» Сайыскерлер конверт таңдап, конверттегі тапсырманы сол жерде орындау. Мысалы: Садақты тура атып тигізу.
2.Картоп аршу 3. Шалбар тігу. 4.Ілулі тұрған шарды жару. 5. Бантик тағу. 6. Автоматтын магазинің шашып жинау. 7. Пародия салу. 8. Әзіл айтып күлдіру.

2-жүргізуші: А Саят.
Ақыл-көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді – деп, «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру сайысың бастайық
1-жүргізуші: Ж.Назерке Ортаға 1- сайыскерімізді шақырамыз
2-жүргізуші: А.Саят Ортаға 2- сайыскерімізді шақырамыз
1-жүргізуші: Ж.Назерке. Ортаға 3- сайыскерімізді шақырамыз
2- жүргізуші: А.Саят Ортаға 4- сайыскерімізді шақырамыз
1-жүргізуші: Ж.Назерке Ортаға 5- сайыскерімізді шақырамыз
2-жүргізуші: А.Саят Ортаға 6- сайыскерімізді шақырамыз
1-жүргізуші: Ж.Назерке Ортаға 7- сайыскерімізді шақырамыз
2-жүргізуші: А.Саят Ортаға 8- сайыскерімізді шақырамыз
1-жүргізуші: Ж.Назерке. 1-Бөлім. «Тегімді менің сұрасаң...» атты бөлім бойынша сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.

2-жүргізуші: А.Саят: Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес»2- бөлімін бастаймыз.
1-жүргізуші: Ж.Назерке. Ортаға 1- сайыскерімізді шақырамыз.
2...... 3 ......4.....5.....6.....7.......8.....
1-жүргізуші: Ж.Назерке. Ей жігіттер!
Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік ата салтын құрметтеп
Ақтай білсең ата-баба үмітін
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
(сайыскерлерімізге салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылады)
3-Бөлім «Көркіне ақылы сай» бөлімін бастаймыз.
2-жүргізуші: А.Саят. Бірінші –сайыскерге сұрақ:
Қазақша ай аттарының аталуын ата.
Жауабы: Қаңтар,Ақпан, Наурыз, Сәуір, Мамыр, Маусым, Шілде, Тамыз, Қыркүйек, Қазан, Қараша, Желтоқсан.
1-жүргізуші: Ж.Назерке. Екінші сайыскерге сұрақ:
4- түлік мал төлдерінің аталуы қандай?
Жауабы: I. Жылқы малы: Құлын, жабағы, тай, құнан неменген, бесті,тұлпар.
II. Сиыр малы: Бұзау, тана, құнажын мен өгіз, бұқа.
III. Қой малы: Қозы, тоқты, Ісек, тұсақ,саулық, қошқар.
2-жүргізуші: А. Саят.Үшінші сайыскерге сұрақ:
Қазақ халқының дәстүр-салт, той-томалақтарын атап шық,
Жауабы: Бесікке салу,қырқынан шығару, тұсау кесер,сүндетке отырғызу, бет ашар, көкпар, той бастар.
1-жүргізуші: Ж.Назерке. Төртінші сайыскерге сұрақ:
Қазақ халқының тарихында қандай хандар, батырлар, билер, шешендер өткен?
Жауабы: Хандар: Абылай,Әбілхайыр, Тәуке,Жәңгір т.б.
Батырлар: Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай,Наурызбай, Есет, Кенесары.
Шешендер: Жиренше, Бөлтірік т.б.
Билер: Қаз дауысты Қазбек, Төле би, Әйтеке би, т.б.

2-жүргізуші: А.Саят. Бесінші сайыскерге сұрақ:
5 асыл мен 5 дұшпанды ата.
Жауабы: Бес дұшпан мыналар: өсек,өтірік, мақтаншақ,еріншек, бекер мал шашпақ. Бес асыл мыналар: талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау.
1-жүргізуші: Ж.Назерке. Алтыншы сайыскерге сұрақ:
Ұлттық ойындардың түрлерін ата.
Жауабы: Ақсүйек,асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина салу т.б.
2-жүргізуші: А.Саят. Жетінші сайыскерге сұрақ:
Жігіттің үш асыл мінезін ата.
Жауабы: Туған елі мен дос жарандарына адал болу, қара қылды қақ жараған әділетті болу, қаймықпастан турасын айтар шыншыл болу.
1-жүргізуші: Ж.Назерке. Сегізінші сайыскерге сұрақ:
Аттың ер-тұрмандарына нелер жатады.
Жауабы: Жүген, ішкілік, желдік, тоқым, ер, құйысқан, өмілдірік,үзенгі Аткөрпе, тартпа,қамшы.
2-жүргізуші: А.Саят. «Көркіне ақылы сай» атты бөлім бойынша сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Ей , ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атына ерік бер, жігіт
Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың

«Ердің асылы күшінен білінеді» атты 4 бөлімімізді бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттеріміздің мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күресі, Гір көтеру» сайысы өткізіледі.
1-жүргізуші: Ж.Назерке. «Ердің асылы күшінен білінеді» атты бөлім бойынша сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
2-жүргізуші: А.Саят. Мықты болсаң талаптарды орында,
Келді кезек мықтыларды танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп,
«Тығырыққа тірелгенде» деген бөлімді бастайық.
(сайыскерлер конвертті таңдап ішіндегі тапсырманы сол бойда орындайды)
1-жүргізуші: Ж.Назерке. «Тығырыққа тірелгенде» атты бөлім бойынша сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз.
Осымен, « Нағыз қазақ жігіті» атты өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы мәреге де жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша сыныбымыздың бір топ биші қыздарының « «биін тамашалаңыздар.

2-жүргізуші: А.Саят. –Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар,оқушылар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тірелер болсақ, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Жеңімпаздарды номинация бойынша марапаттау.
1-жүргізуші: Ж.Назерке. – Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарына нұр жаусын дейміз!
2-жүргізуші: А.Саят. – Өркендерің өссін, мейірлерін үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!

Марапаттау:
1. Бас жүлде - «Нағыз қазақ жігіті – 2012».
2. «Дарынды жігіт».
3. «Сегіз қырлы, бір сырлы».
4. «Өнерпаз жігіт».
5. «Парасатты жігіт»
6. «Алғыр жігіт».
7. «Шымыр жігіт».
8. «Шешен жігіт»
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қазақ, Нағыз, жігіті»
Просмотров: 760 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar