Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Мен және менің достарым
24.09.2015, 13:21 | |
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің психологы Нұрхожаева Альфира Қанатбайқызы Тақырыбы: «Мен және менің достарым» Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтау, дамытуға бағыт беру. Көрнекілігі:геометриялық фигуралар, сызба-карточкалар Кіріспе Құрметті оқушылар бүгінгі сабағымызда біз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын анықтаймыз. Данышпан философ Фалес айтқандай Дүниедегі ең үлкен нәрсе - кеңістік Бәрінен жүйрік - ой Бәрінен дана - уақыт Бәрінен жеңілі - басқаға ақыл айту Бәрінен қиыны - өзіңді өзің тану. Іскерлік ойыннан бір-бірімізге комплимент айтудан бастаймыз. 1-оқушы: Арман, сен бүгін ерекше көріктісің 2-оқушы: Әнел, көркіңе ақылың сай. (т. б сол сияқты бір-біріне жылы сөздер айту соңғы оқушыға дейін жалғасады). - Рахмет, балалар! Әрбір жүректен шыққан жақсы сөз біз үшін жайлы атмосфера қалыптастырды. 1-тапсырма: Қазір сендер әрбір столда тұрған геометриялық фигураға назар аударып әркім өзіне ұнаған фигураға барып отырады. Міне, біз 5 топқа топталдық Әрбір топ мүшелері өздері таңдаған фигураның нені білдіретінін, неге осы фигураны қалағандарыңды айтасыңдар. (оқушылардың болжамдарынан кейін, мұғалім осы тесттің мақсатын түсіндіреді) И. Панарин тесті бойынша. Тіктөртбұрыш - таңдағандар лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қаблеті басым жандар. Үшбұрыш - өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар. Төртбұрыш - жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар. Дөңгелек - осы 5 фигураның ішіндегі өте мейірімді, басқаның қайғысын қуанышын да бөлуге даяр тұратын жандар. Зиг-зак - шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар. Міне, балалар, әркім өзін Панарин тесті бойынша да тануға болатынына көзіміз жетті. 2-тапсырма: 1-топқа: Ситуациялық тапсырма (топтағы2-оқушыны шақырып сыртқа шығуын өтінеміз) Сіз сыныптағы қыздың өз үйінің алдында бірнеше ер баламен темекі шегіп тұрғанын көрген, сыртта тұрған 2 оқушының қасынан өткенде қандай іс-әрекет жасаймыз деп ойлайсыздар. Ал қазір сыртта тұрған 2 оқушыны шақырып осы ситуацияны оқиық, 2 оқушыға осы жағдайда не істейсіз деп сұрақ қойылып, олардың жауабы тыңдалады. Нәтижесінде осы 2 оқушының өз жауаптары туралы достарының жауаптарымен салыстырылып өзгені тани алу қабілеттіліктері айқындалады. 2-топқа:Бір сыныптас ұлға немесе қызға қысқаша, оның жағымды және жағымсыз қасиеттерін көрсетіп атын атамай мінездеме жаз. Басқа топ оның кім екенін табуы шарт. 3-топқа: Өмірдегі ең қажетті 3 нәрсені атаңыздар. 4-топқа: аяқталмаған тест ұсынылады «Егер мен осы алдымызда тұрған мұғалім болсам. ...» 5-топқа: шығармашылық тапсырма: «Міне мен қандаймын?» тақырыпқа сәйкес өз қабілетін ортаға көрсету. - Рахмет балалар, әрбір топ белсенділік көрсетті. 3-тапсырма: Блиц сұрақтары: 1. Мағынасы жағынан «биография» сөзімен бірдей сөзді ата?(өмірбаян) 2. «Жағымсыз» сөзіне қарама-қайшы сөз?(жағымды) 3. Кітаптың баяндаманың мазмұнын білдіретін қысқа жазба? (конспект) 4. Ұқсас деген ұғымға қарама-қарсы сөз ол? (әр түрлі) 5. Оппозиция - ол (қарсы әрекет) 6. Цивилизация - бұл? (мәдениет) 7. Экспорт бұл? (шетке шығару) 8. Ампер-вольт (электрлік өшем бірлік) 9. Майлар - белоктар (органикалық заттар) 10. Азия-Африка (жер шары бөліктері) 4-тапсырма: «Суреттерді аяқтайық» жаттығуы Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту. Алдын-ала тақтада мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады. Оқушылардың көздері шарфпен байланады да, олар кезек-кезек шығып, бірі денесін, бірі басын салса, бірі аяғын салады, осылайша жалғаса береді. 1. Суретті аяқтау қиын болды ма? 2. Жаттығу ұнады ма? 3. Бұл жаттығудың тиімділігі бар ма? Қорытынды: Жүректен жүрекке, балалар жылы лебіздерін білдіреді. | |
Просмотров: 1100 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |