Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Мен таңдаған мамандық...
24.09.2015, 12:53 | |
Сынып сағатының тақырыбы: «Мен таңдайтын мамандық...» Сыныбы: 9 Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру, мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Мамандықтарға ата - аналар көмегімен сипаттама беру, қыр - сырын ашу. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, слайд көрсету. Әдісі: «Хабар» телеарнасының «Кеш қалмаңыз!» телехабарының желісі негізіндегі ата - аналармен бірігіп өткізілген сынып сағаты. Жүру барысы: Сахнаға 2 жүргізуші шығады: Мұратова Аружан және Ақылбеков Айбек. 1 - ж.: Армысыздар, құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар! 2 - ж.: Қош келдіңіздер, бүгінгі кештің сыйлы қонақтары! 1 - ж.: «ХАБАР» телеарнасындағы «Кеш қалмаңыз!» бағдарламасының желісімен 9 а сыныбында өткелі отырған «Мен таңдайтын мамандық...» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. 2 - ж.: Ең алдымен бүгінгі шоудың жүргізушілерімен таныс болыңыздар! Сыныбымыздың үлгілі оқушыларының бірі, облыстық. Республикалық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы Ақылбеков Айбекке қошемет көрсетейік! 1 - ж.:- Білімді, парасатты, инабатты, алғыр, мектеп мақтанышы болып жүрген сыныптасымыз Мұратова Аружанға үлкен қошемет! 2 - ж.: Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, елдің ертеңі. 1 - ж.:- Ендеше, оқушылар қай мамандықты қандай кәсіп жолдарын таңдауды дұрыс деп шешу мақсатында, әркім өз пікірін білдіріп, ой толғайды. Бүгін біздің мектеп студиясына ең мықты мамандар қонаққа келіп отыр. 2 - ж.: Алдымен оқушылар қандай мамандықты таңдап отыр екен, бірінші солардың пікірлерін тыңдайық. Дина: Мамандық таңдау мен үшін оңай емес. Ата - анам мұғалім не дәрігер бол дейді. Ауыл шаруашылығы саласы қыздарға қол емес секілді, мұнайшылық кәсіп те жеңіл деуге болмас. Жалпы қай саланың да өз қиындығы бар ғой. Тек адамның белгілі бір мамандықты игеруге ынта - ықыласы, қызығушылығы болса, алынбайтын қамал жоқ. Ата - анам менің болашақ мамандығым туралы көп ақылдасады, кейін өкініп, опық жеп жүрме деп ақыл айтады. Сөйтіп ойлана келе мен экология саласының маманы болуға талаптанам. Ата - анам бұл талабымды құптайды. Мөлдір: Ел жастары кең байтақ қазақ жерінің қай түкпірінде болмасын, ел экономикасын түлетуге аса қажет мұнайшы, эколог, инженер, геолог сияқты мамандықты таңдаған жөн деп ойлаймын. Сонымен қатар шет тілін оқып үйренуге, осы тілде шетелдіктермен мүдірмей сөйлесетіндей деңгейде болу қажеттігін ұғынғанын қалаймын. Бұл нарық талабы. Менеджмент пен менеджерлікті меңгермей нарық көшіне ілесу мүмкін емесі жастар жадында жүрсе деймін. Еламан: Компьютерді жетік меңгерумен қатар, интернетке шығудың қыр - сырын меңгерген дұрыс деп ойлаймын. Бірнеше шет тілін білсең тіпті жақсы. Әрине алдымен ана тілін жетік меңгеруім керек. Мен де техник - программист мамандығын қалаймын. Аяжан: Менің ата - анам қарапайым адамдар. Біздің жанұямызда жалғасын тапқан отбасылық кәсіп бар деп айтуға болмайды. Менің көптен бергі арманым - заң қызметкері болу. Себебі елімізде болып жатқан көптеген қолайсыз жағдайлар менің де жүрегімді сыздатады. Ашылмай жатқан қылмыстар, сыбайлас жемқорлық, кейбір әділетсіздіктер т. б. Осының барлығы жүрегіңді сыздатады. Ал заң қызметкері мамандығы осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі деп ойлаймын. 1 - ж. «Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың», - деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, еңбектеніп білім алып, оқу оқымасаңыздар, тілек білдіріп отырған маман иесі бола білу де оңай емес. Солай емес пе, Аружан? 2 - ж.: Барлық кәсіптің де оңайы жоқ дейсің ғой, Айбек. 1 - ж. Аружанның бұл сұрағына жауап іздеп көрелік. Ендеше бейне экранға назар аударыңыздар. (Экранда ата - ана Зауреш апай). Кешіміздің алғашқы қонағы: Сүйікті ана, білікті маман, ұлағатты ұстаз Кемалова Зауреш апай. 2 - ж.: Зауреш апайды қошеметпен студия төріне шақырамыз! .... Қай кезде де қажет болатын, ескірмейтін, жойылмайтын мамандық – мұғалім мамандығы. Зауреш апай, Сіздің алдыңыздан мыңдаған шәкірт өтті. Сіздің арқаңызда көптеген адам қалам ұстап, әліппе үйренді. Осы киелі мамандық иесі болу қиын ба? Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді? --:...... 1 - ж.: - Зауреш апай, Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист т. б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз? --:...... 2 - ж.: - Енді ситуациялық сұрақ қоюға рұқсат етіңіз. Сабаққа ата - ана қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз? --:...... 2 - ж.: - Сұхбатыңызға рахмет! Еңбегіңізге шығармашылық шабыт, деніңізге саулық тілейміз! 1 - ж.: – Зауреш апай бізге мұғалім, ұстаз мамандығы туралы біраз әңгімеледі. Енді кезекті сыныбымыздың бетке ұстары, оқу озаты Дария Бағытоваға берсек. - Дария: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер! «Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абырой кеткізер» - деп атақты күрішші Ыбырай Жақаев атамыз айтқандай, өз кәсіптерінің нәсібін жеп жүрген маман иелерінің еңбектері өте зор! Менің болашақта таңдап отырған мамандығым журналист мамандығы. Сол мамандыққа өзімді бейімдеу мақсатында жұмыстар жүргізіп келемін. Қазірдің өзінде бірнеше бейнебаяндар түсіріп аяқтадым. Бүгінгі 9 а сыныбында мамандыққа бағдарлау бағытында ұйымдастырылып отырған ашық тәрбие сағатына «Керек кәсіп бәрі де...» атты бейне материалды дайындаған болатынмын. Енді экранға назар аударайық. Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 1663 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |