Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Мектеп бітірушілер кеші
24.09.2015, 15:22 | |
МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕР КЕШІ Жүргізуші: Армысыздар! құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және мектеп бітіруші түлектер! Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер! (Музыка ойналады) Жүргізуші: Бүгін қандай шаттық толы көшеде, Көңіл шіркін, тасып – толып өседі. Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау, Бой жетіпті бантикті қыз кешегі. Жүздеріңнен көрем шаттық арайын, Болсын солай әрбір күнің, әр айың. Тойларыңыз құтты болсын ата - ана, Тойларыңыз құтты болсын Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны. Мектептен басталады бәрі – бәрі Бүгінгі салтанатты кешімізде, Шырқалсын Қазақстан Әнұраны. (ҚР Мемлекеттік Гимні ойналады.) Жүргізуші: Бүгінгі «Қош бол, ұстаз алтын ұя мектебім» атты мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік. Мектебімнің ыстығына күйгені, Табыстарға мәз - мейрам боп жүргені. Сіздер үшін күйінгені, күлгені, Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері. – дей келе алғашқы сөз кезегі мектебіміздің басшысына беріледі. Жүргізуші: Кешіміз өтіп жатыр салтанатты, Төгілген күн нұрының шапағаты, Мың бұралып бишілер би билейді. Халайық, қол соғыңыз мархабатты.- дей келе, алдарыңызда «Тойбастар» биі. Қабыл алыңыздар! Жүргізуші: Ардақты асыл мекен мектебіме, Аяулы асыл жандар көп келеді. Құрметпен қонақтарға сөз берейік, Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі Құрметті қонағымыз ------------------------ (аудандық әкімшілік өкіліне) беріледі Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 786 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |