Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Мақал – сөздің мәйегі
24.09.2015, 10:13 | |
Мақал – сөздің мәйегі сайыс (слайд) 7 «А» сыныбы мен 6 «Б» сыныбы арасында Мақсаты: 1. Оқушыларды қазақ тілінің қадір - қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету. 2. Мақал - мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. 3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру. 1 - айналым: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады) 2 - айналым: Мақал – сөздің мәйегі (тақтада мақал - мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады) 1. Жақсы кісі байқап сөйлер, … 2. Ер еліне,... 3. Балапан ұяда не көрсе …. 4. Өнер - ағып жатқан бұлақ,... 5. Жақсының аты өлмейді... 6. Көз жетпеген жерге,... 7. Отыз тістен шыққан сөз,... 8. Дұшпаны көптер сақтана жүреді, … 9. Жалған достан... 10. Өнерлінің қолы алтын,... 11. Еңбек етсең ерінбей,... 12. Отан үшін күрес -... 3 – айналым: Кім тапқыр? - Ал балалар, мен Сіздерге жұмбақ айтамын. Шарты: Мұғалім жұмбақ жасырады, жауабын айту керек, сол жұмбақтың жауабын тауып айтқан соң, жауабына сәйкес мақал айту керек. 1. Жұмбақ: Жылт - жылт етеді Жылғадан өтеді. 2. Жұмбақ: Өзімнен өзгенің бәрін көремін. 3. Жұмбақ: Сылдырдан қорқады, шошынып жортады. 4 жұмбақ: Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды 4 - айналым: «Даналық ойдан дән ізде» сайысы Шарты: Топтар сандарды таңдау арқылы өздері мағынасын түсіндіретін мақал - мәтелді таңдап, талдайды. 1 - ұяшық: Апама жездем сай. (20 ұпай) 2 - ұяшық: Тасты жерде егін болмас, Текті бала тегін болмас. (30 ұпай) Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 1327 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |