Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін сақтаймыз!
24.09.2015, 12:26
Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін сақтаймыз!

Мақсаты:
1. Көшеде жүру ережелерін пысықтау.
2. Бағдаршам, сая жол туралы түсініктерін одан ары пысықтау.
3. Үлкенді сыйлау, жол беру, кішіге үлгі болуға тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол ережесі жазылған плакаттар, суреттер, жол белгілері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
– Құрметті қонақтар! Жолда жүру тәртібіне арналған сынып сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. Жолда жүру ережесіне арналған сабағымызға қонақтар келіп отыр. Балалар, әдеттегідей әнұран айтайық.

ІІ. Жаңа сабақ.
– Бүгін біз жолда жүру ережесін қайталай отырып, оны қалай меңгергенімізді тексеріп «үлгілі жолаушы» деген атқа ие болуға тырысамыз.
Мұғалім:
– Арманға, алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басыламыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
1 - оқушы:
– Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Сабағымыз басталсын сәлемменен.
2 - оқушы:
– Жайраңдаған жарандар,
Жан жаққа көп қараңдар.
Жолаушыны соқпаңдар!
3 - оқушы:
Қызыл, сары, жасыл
Бір өзінде үш от.
Қызыл жанса, тоқта!
Жасыл жанса, тез өт!
4 - оқушы:
Табамын деп төтені,
Қиып өтпе көшені.
Түсін мұны қатем деп,
Түсін мұны қатер деп.
5 - оқушы:
Дәп ортаға жеткенше,
Сол жағыңа қарап ал.
Жол ортадан өткенде,
Оң жағыңа қарап ал,
Машиналар жоқ па екен?
6 - оқушы:
Машинаға қабысып,
Сырғанама жабысып.
Бір жеріңді жаралап,
Майып болып қаласың.
Кімге кінә тағасың,
Ата менен анаңды,
Сергелдеңге саласың.
7 - оқушы:
Қауіппенен ойнама,
Өтемін деп ойлама.
Шыққаныңда көшеге,
Еріп әке - шешеңе,
Көңілді қой сызыққа.
8 - оқушы:
Үлкен - кіші қала бар.
Ой жүгіртіп қарап ал,
Көше заңы тым қатал
Сақ болыңдар балалар!
9 - оқушы:
Тоқта досым саумысың?
Топтан асқан дәумісің
Көше сырын білмесең
Керден қағып жүрме сен!
Көшенің біл тәртібін!
10 - оқушы:
Үлкен жолдың үстінде,
Әмірші де, күшті де.
Бағдаршам екенін,
Есте сақта достарым!
Бұл сақшының үш көзді
Үш көзден, ұқ үш сөзді
Ашса бұл, дәу үш көзін
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Топырлама таласып.
11 - оқушы:
Бұл дегенде команда,
Бағына тұр аманда.
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба!
12 - оқушы:
Үлкен кіші қыдырмақ
Болма бәрін ұрыншақ!
Өңірдің көп сыры бар
Түрлі - түрлі жолы бар
Ағайындар абай болыңдар!
Бәрі:
– Ұлы сөзді тыңдаймыз
Жол тәртібін сақтаймыз!
3 - ойын. «Көшеден дұрыс өт» (үш қатарға 2 оқушыдан қатысады).
- Біздің ауылда үлкен көшелер бар, онда жол ережесін қалай сақтаймыз? Сая жол дегеніміз не?
– Жаяу адамдар жүретін жол.
– Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды.
– Көлік жүретін үлкен жолмен жүруге болмайды.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: тәртібін, сөзді, Жол, сақтаймыз!, тыңдаймыз, Ұлы
Просмотров: 1308 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar